Жеңіс Қасымбек: Астанада су тапшылығы жоқ

07 тамыз 2023, 10:33

Үкімет үйінде Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын, 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасын және Көгалдандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.
Сонымен қатар, қала басшысы үшінші ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы туралы айтып берді. Бұл тұрғын үй құрылысының қазіргі қарқыны сақталса, 2026 жылға дейін жылу энергиясы қорын жинауға мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау бойынша ұзындығы 44 шақырым су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Нұра жер асты суларынан жүретін арнайы құрылыстар кешенін, Тельман сорғы станциясын кеңейтуді, Қ. Сәтпаев каналынан жүретін жаңа су құбырының жобаларын және төртінші сорғы-сүзгі станциясын пысықтау жұмыстары атқарыла бастады. Жоспарлардың орындалуы 2035 жылға дейін қажетті қорды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы жоқ.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға келетін болсақ, биыл автожолдарды салу және жөндеу, сондай-ақ Тәуелсіздік көпірін аяқтау бойынша 30 жоба іске асырылады. Алдағы уақытта Тәуелсіздік даңғылын Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғастыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, бұл сол жағалаудағы негізгі артериялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Оған қоса, Газмашаппаратура ауданында (Кенесары көшесінің бастапқы жағы) екі көпір салынбақ, олар Тұран даңғылы мен Айтматов көшесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, елорда әкімі үлескерлердің мәселелерін шешу, ірі кәріз-тазарту құрылысын жобалау, LRT жобасын жүзеге асыру және басқа да бірқатар мәселені пысықтау туралы айтып берді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады