Жемқорлықпен күрестің тиімді құралы

23 қазан 2023, 11:08

Әділетті Қазақстан құрып жатқан елімізде жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес, парақорлықтың алдын алу — мемлекеттің һәм қоғамның көкейкесті міндеті. Мемлекет басшысы биылғы көктемде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымыен кеңес өткізіп, аталған мекемеге бірқатар міндет жүктеді. Президент кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды. Осы орайда, жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы, әсіресе, халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі қатаң тәсілді жалғастырған жөн. Мемлекет басшысы жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу керектігін атап өтті.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас парақорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізудің маңызы зор.

Бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан атқарылған шаруа ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтқанда, «Бизнеске жол» жобасы ойдағыдай жүзеге асырырылып жатыр. Бұл жобаның мақсаты – шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді жою. Соның ішінде құқық қорғау және уәкілетті органдар тарапынан кәсіпкерлердің қызметін жөн-жосықсыз тексеру мен араласуға жол бермеу бағытында жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 24 мың кәсіпкерге көмек көрсетілді. 23 саладағы түйткілді мәселе оң шешімін тапты.

Агенттік қызметінде қоғамның қалың бөлігін жемқорлыққа қарсы күреске тарту айрықша мәнге ие. Осы мақсатпен биылғы тамыз айының басында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты. «Жобаның мақсаты — белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту. Жоба аясында еріктілер бірнеше бағыт бойынша жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете алады. Қазір барлық өңірлерде 1881 ерікті тұрғын үйлер, балалар алаңдары, автожолдар, студенттер жатақханасы, ТКШ нысандары, мемлекеттік сатып алу және өзге салалар бойынша мониторинг жүргізуде.

Мұндай шаралар өз жемісін беріп те жатыр. Айталық, Абай облысында демалыс маусымы 15 тамызда аяқталғандықтан, Алакөл жағасында концерт өткізуге арналған 15 млн теңгенің сатып алуына жол берілген жоқ. Шымкент қаласында жүгіру марафонына қатысушылардан қосымша ақша (5 мың теңгеден басталады) жинау заңсыз деп табылды. Өйткені осы шараға бюджеттен 82 млн теңге бөлінген еді. Ақтөбе қаласында қатты қоқыс қалдықтарын шығару бағасы өсірілгенде сомалар заңсыз есептелгендіктен, 170 мың тұтынушыға артық төленген 42 млн теңге қайтарылды. Астана қаласында бастапқыда бульдозерді 171 млн теңгеге сатып алмақшы болған «Астана Энергия» АҚ бағаны 147 млн теңгеге (24 млн теңге үнемделді) дейін азайтты. Түркістан облысында әкімдік мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттау) сатып алу құнын (33 млн теңге үнемделді) төмендетті.

Pro bono волонтерлік (тұрғындарға құқықтық көмек көрсету) бойынша Алматыда ерікті заңгерлер 130 кәсіпкерге кеңес берді. Сондай-ақ ұлттық холдинг пен компанияларда ішкі бақылауды жүзеге асыратын 200 комплаенс-офицерге арнап семинар өткізілді. Жамбыл, Қарағанды, және Павлодар облыстарында еріктілер қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. «Корпоративтік волонтерлік» жобасы аясында кәсіпкерлер өз өнімдері мен алаңдарында (сауда ойын-сауық орталығы), автобус, тамақ өнімдері, ғимараттардың қасбеті, борт журналы, офисте бөтелкедегі су, кофе стақаны және т.б.) жемқорлыққа қарсы контенттерді орналастырып жатыр.
Өткен жылдан бері заңсыз иемденілген мүлік активтері мен қаржыны мемлекетке және квазимемлекеттік секторға қайтару қарқын алды. Сөйтіп 856,9 млрд теңгенің активтері қайтарылды. Соның ішінде 159,9 млрд теңге тікелей бюджетке аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі биыл оқу-ағарту министрлігімен бірге білім саласындағы жемқорлыққа әкеп соғатын факторларға сырттай талдау жасады. Соның нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінде педагогтардың еңбегіне ақы төлеу қорынан бюджеттік қаржыны жымқыру деректері әшкереленді. Тиісті шара қабылданып, мемлекетке 9,2 млрд теңге мөлшерінде зиян келтіру фактілері бойынша 147 қылмыстық іс тіркелді. Агенттік пен оқу-ағарту министрлігі осы саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатымен Жол картасын бекітті. Павлодар облысындағы мектептерде қолданылатын жекеменшік есепке алу жүйесі негізінде пилоттық жоба іске қосылды. Осындай жобалар Ақмола және Түркістан облыстарында да жүзеге асырылып жатыр.
Қорыта айтқанда, елімізде сыбайлас жемқорлыққа, теріс әрекетке жол бермеуге бағытталған мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік және қоғамдық сипат алып отыр.

Талап Тілеген

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу