jasqazaq.kz

Жемқорлардан қомақты қаржы өндірілді

19 желтоқсан 2016, 14:00

2015-2016 жылдары 1800-ден астам лауазым иелері сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2015-2016 жылдары біздің жемқорлыққа қарсы қызметтің, ұлттық бюро жұмысының нәтижесі бойынша, 1800-ден астам лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық үшін жазаға тартылды. Олардың ішінде республикалық маңыздағы түрлі деңгейдегі басшылар 21-ден астам, облыстық -120, қалалық және аудандық- 313. 48 млрд. теңгеден астам келтірілген залал анықталды, соның ішінде орны толтырылған және тыйым салынған мүлік құны 32 млрд. теңгеден асады»,-деп тоқталды Шпекбаев. Оның сөзіне қарағанда, әрбір тергелген қылмыстық іс бойынша отандық қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес нұсқама енгізіледі. Осы ретте 1528 осындай нұсқама жіберіліп, 436 тәртіптік жаза енгізілді. «Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша тиісті нәтижелер айқындалды, яғни қызметін төмендетумен мемлекеттік қызметті орындаудан босатылғандар бар, сонымен қатар жұмысынан шығарылғандар да жеткілікті»,-деді ол

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті