jasqazaq.kz

Жемқорлар 70 млрд теңгені шетке асырып жіберіпті

08 желтоқсан 2016, 12:39

Соңғы 5 жылда жемқорлық қылмыстардың нәтижесінде 70 млрд. теңге шетел асып кеткен. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті.

«Соңғы 5 жылда жемқорлық қылмыстардың нәтижесінде 70 млрд. теңге шетел асып кеткен. Халықаралық іздеуде жүрген 47 жемқордың 28-і жақын және алыс шет мемлекеттерден елге экстрадицияланды», — деп атап өтті ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін жүзеге асырудың практикалық тәжірибесі: жетістіктер және халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияда. Сонымен қатар ведомство өкілі елімізде соңғы екі жылда жемқорлық фактілері мен ұсталған лауазымды тұлғалар бойынша статистиканы келтіріп өтті. «Екі жыл ішінде 1800 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде 21 тұлға республикалық деңгейде, 120 — облыстық, 313 — қалалық және аудандық ауқымдағы тұлғалар. Жемқорлық бойынша келтірілген шығын 48,5 млрд. теңгені құрады, тәркіленген мүлік сомасы 32 млрд. теңге деңгейінде тіркелді», — деді А. Шпекбаев. Айта кеткен жөн, халықаралық конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және өзге де лауазымды тұлғалар, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Н. Шимомура, Қазақстандағы шетел дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті