Желтоқсаншылар — әруақтарды еске алу барысында

04 қазан 2023, 13:41


Өткен ғасырдың аяғында әлемді дүр сілкіндіріп кеңестер империясына қарсылығын ашық түрде танытқан желтоқсаншылар бүгінде киелі мекен Түркістанға барып марқұм болып кеткен қандастарының әруағына бағыштап Құран оқып, зиярат жасап қайтты. Аттары аңызға айналған — Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Гаухар Ана кесенелеріне келген ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» ұйымы жетекшісі Болат Құрымбаев бастаған мүшелерін Түркістан қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Бөкебаев Бақытжан және бірнеше журналистермен бірге бөлім мамандары қарсы алды. Басқа да ұйымдастырушылар ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Түркістан облысы филиалы төрайымы Әлжанова Сажида, төраға орынбасары Ахметов Бектас, мүшелері Қынат Садық, Беймишева Нұржамал Дырымбайқызының және Алматыдан барған Ахтанова Алма Алдабергенқызының да еңбегі зор болды. Қынат Садық Әмзеұлы 70-ке жуық әндердің авторы болған сазгер, мәдениет қайраткері. Желтоқсан көтерілісіне байланысты шығарылған әнұранның авторы. Желтоқсан әнұранын алғаш рет орындаған, бүгінде марқұм болып отырған ғажап дауысты Жұмабай Тәжібайұлы ағамыз еді.


Осы күні желтоқсаншылар Мұсылман жұртында екінші Мекке деп аталатын Жаңа Түркістандағы әулиелі мекендерге кіріп тәу етіп, әр түрлі тарихи жәдігерлермен танысты. Халқымыз үшін Түркістан қаласының орны бөлек. Ұлттық Рухымыздың жаршысы болып саналатын, ежелден мемлекеттігіміздің сақталып қалуына үлесі мол қасиетті де тарихи көне шаһар деп білеміз. Түркістан ежелден бері Қазақ хандығының, бүкіл түркі дүниесінің саяси және рухани өмірінің өзегі болды. Жаңа Түркістан – бүгінде көптеген туристерді өзіне қаратқан жаңа қалаға айналып — Түркістан облысы болып аталды. Зияратқа келген желтоқсаншылар әйгілі Арыстан баб атамыздың кесенесінен шыққан соң, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайында, Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан Бегімнің кесенелерінде болды. Зияратшы қауымды мұражай қызметкері, экскурсовод Күнсұлу Асетова киелі кесенелердің тарихымен таныстырып өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдында бір топ желтоқсаншыларды марапаттау рәсімі болып өтті.
«Желтоқсан ақиқаты» ұйымы мүшесі Алмагүл Мұқаманова осы күні екі ұл мен үш немересін тәрбиелеп отырған ана. Айта кетерлігі сол – Алмагүл Мұқаманова ұйым мүшесі ретінде көптеген іс-шаралардың атқарылуын қолға алып жүрген патриоттардың бірі. Алматы қаласындағы «Алғабас» саяжайының тұрғындарын өткен жылы таза ауыз суымен қамтуды талап етіп, саяжай тұрғындарының ризашылығына бөленді. Автобус аялдамасын саяжайға дейін жеткізді. Қазіргі күні аялдама атына өмірден тым ерте озған 86- ның желтоқсанының батыры Сәбира Мұхаметжанованың есімін беруді талап етіп жүр. Талап іске асырылса екен деп әрқашан тілеулеспіз.
Осы күнгі іс-шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен Алматы қаласы, Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлына және орынбасарлары Өмірбеков Айбол Ерікұлы, Амангелдіұлы Қанат, Түркістан қаласының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлына және ішкі саясат бөлімінің басшысы Бөкебаев Бақытжан Кеңесбекұлына аса алғыс білдіре отырып, Алланың нұры жаусын дейміз. Желтоқсаншы батырларды Жаңа Түркістанға жеткізіп салған Алматыдағы «Сайран» Халықаралық автобекетінің басшысы Мукужанова Күләш ханымға және автобус жүргізушілері Исмаилов Махмұт пен Ибрагимов Бақтиярға да айтар алғысымыз шексіз. Рухы биік, ұрпаққа тағылымы мол Желтоқсаншы батырларымыздың есімін ардақтап жүрейік. Бүгінде алды 60-ы алқымдаған ағалар мен апаларымыздың Тәуелсіздігіміздің батыры деп танып болашақ ұрпаққа өнеге ретінде талмай дәріптесек те аздық етеді. Тәуелсіз мемлекет, әр қазақты жалғызым деп санайтын арда ұлтымыздың патриоттары болып ешқашан тұғырдан түспегейсіздер!

Журналист Шара Құрбанова

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді