Желідегі жазбасы үшін сот алдында жауап берді

17 қазан 2023, 10:26


Мойынқұм аудандық сотында ар-намысты қорғау туралы іс тыңдалды.
Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Мойынқұм аудандық сотында А. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 73-3-бабы, 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша әкімшілік іс қаралды.
— 2023 жылдың қазанында А. есімді азамат Tik-Tok әлеуметтік желісінде видеожазба жариялап, С. есімді зардап шегушіні жеңіл жүрісті қыз деп айтқан. Сол арқылы оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан, — деп түсіндірді сот өкілдері.
Істі қарау кезінде А. кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінді. Зардап шеккен қыз оны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот бұйрығымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, екі тарап татуласқандықтан іс тоқтатылды.
Бұйрық заңды күшіне енген жоқ, деп нақтылады Мойынқұм аудандық баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді