jasqazaq.kz

«Әжелер мектебі» ашылды

14 ақпан 2017, 10:37

Қызылордада қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп келген әжелердің мектебі ашылды. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

«Әжелер мектебі» ашылатындығы туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шара барысында белгілі болды. Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, қыз-келіншектер «дөңгелек үстелде» қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды. Әжелер тарапынан да салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер айтылды.

Айта кетейік, бүгінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы жастарға, қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, қыз балалар тәрбиесі үшін бірқатар маңызды шара қолға алынбақ. Болашақ ана атанатын нәзік жандар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді