Жазира Байырбекова: Батаны қызға сәукелені кигізген соң беріңіздер

11 тамыз 2023, 14:58


Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желісінде қыз ұзату тойына байланысты өз ойын жеткізді.
«Қыз ұзатуда оның иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы батаны қызға сәукелені кигізіп болған соң беріңіздер. Қыз құрбыларына тарататын үкіні ұзатудың аяғына қалдырмай, тойдың ортасынан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқан қызды тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қыз бен жігітпен бірге шықсын. «Бақытты боламын деп барма, сол әулетті бақытты етемін деп бар» деп ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Бастысы, қыз бақытты болсын. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе — жасаңыз. Жағдайыңыз жетпесе, қиналып несие алмаңыз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасылар көп. Ұзату тойын күндіз жасасаңыз, жақсы болар еді. Баяғыда қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан. Оның да бір сыры бар шығар. Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, бірге қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді. Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін аяқ киіммен бірге киіп, жүріп көріңіздер. Ұзын болса қысқартып, дайындаңыздар», — дейді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады