Жаяу оқушы мектепке жүгіріп шаршады

21 қазан 2016, 22:08

snimok

 Сабаққа бару үшін 6 шақырым жолды жаяу жүреді. Алматы облысы Арқарлы ауылындағы жоғары сынып оқушылары осындай азапқа тап болған. Ауылдағы орта мектеп негізгі мектепке айналғалы бері оныншы және он бірінші сынып оқушылары көрші ауылға барып оқуға мәжбүр. Бірақ, оларды тасымалдайтын көлік қарастырылмаған. Жаяу жүруден шаршаған оқушылар мектепке баруды да доғарған.

Арқарлы ауылындағы 320 орындық орта мектеп былтыр Кербұлақ ауданы әкімінің қаулысымен негізгі мектеп дәрежесіне ауыстырылған. Соның кесірінен жоғары сыныптардың 8 оқушысы көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Оларды апарып-әкелетін көлікті ата-аналар өздері жалдайды. Ал ол көлік болмай қалған жағдайда балалар жаяу қалады.

Мадина Омарбекова, 10 сынып оқушысы:

-Ертеңгісін сағат 6-ларда тұрып, мектепке дейін жаяу барамыз. Қайтқанда да жаяу келеміз. Жүргенде бір жарым сағаттай жүреміз. Сол Қайтқанда да сондай уақыт.

Оқушыларды бұлай әуреге салмай, ауыл мектебінде қалдыра берейін десе, мектеп директоры заңнан аттап кете алмаймыз дейді. Өйткені білім ошағында бала аз. Былтыр 50 оқушы оқыса, биыл әупірімдеп 63-ке жетіпті. Дегенмен, орта мектеп дәрежесін алу үшін ол да жеткіліксіз.

Динара Тәңкібаева, Арқарлы ауылдық мектебінің директоры:

-Бала санын 81-ге толықтыру керек. Бұл «Білім» туралы заңда көрсетілген. Ауылда жұмыссыздық көп халық көшіп жатыр. Сол себептен мектептің статусын ұстап тұру қиындау.

Бүгінде бұл мектепте 9-шы сыныпқа дейінгі бүкіл оқушылар бір ауысыммен оқып жатыр. Ал 10 және 11-сынып оқушылары таңертең осы мектептің алдына жиналып, оларды арнайы жалданған көлік Сарыбастау мектебіне алып кетеді. Ал оқушылар кейде жаяу қалған сәттерде 6 шақырымдық жолды құрайтын мына тауларды жаяу асып өтуі тиіс.

Жергілікті басшылық оқушылардың бұл жағдайын әлі күнге шеше алар емес. Оқушыларды сенделтпей тұрып, көлік мәселесін неге пысықтап алмағанын тағы түсіндіріп бере алмады. Тасымалдаушы табу үшін жуырда ғана тендер өткізген екен. Бірақ онысы сәтсіз болыпты.

Қайрат Сұлтанбеков, Сарыбастау ауылдық аймағының әкімі:

— 477.800-ге дейін түсіріп қатысыпты. Бір-ақ адам. Ал бұның ережесіне сай, 2 адамнан төмен болмауы керек. Сол себепті қазір өтпей қалып отыр. Қайта береміз 5 күн ішінде. Бірақ бұл ақша бөлінеді, негізі шешілетін нәрсе.

Алайда нақты қашан шешілетінін әкімнің өзі де білмейді. Енді бір айда қылышын сүйретіп қыс келгенде қатынас тіпті қиындайын деп тұр. Ал оқушылардың біразы қазірдің өзінде жаяу қалудан қорқып, сабаққа баруды доғарған.

ktk.kz

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген