jasqazaq.kz

Жауынгерлік дәстүр жалғасын табуда

29 сәуiр 2025, 21:09

Мамыр айының басында қатар келетін бірнеше маңызды мерекелер қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің әскери кафедрасында тағылымы мол шара болып өтті. Оған университет басшылығы, төл армиямыздың негізін қалауға қатысқан ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы, осында білім алып жатқан студенттер қатысты.

Салтанатты жиынды әскери кафедра басшысы, запастағы генерал-майор Еділ Оразов ашып, былай деді:

«Бүгін біз еліміз үшін өте терең мағынасы бар мерекелер – Қазақстан халқының бірлігі мен келісім күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында кездесіп отырмыз.

Қазіргі таңда әлемдегі жағдайдың қалай жедел және сонымен бірге өте қатерлі түрде өзгеріп жатқанын жақсы білесіздер. Экономикада, саясатта, әсіресе әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мыйға сыймайтын жаһандық үдерістер болып жатыр.  Осындай күрделі ахуал сүйікті Отанымыз — Қазақстан болашаққа сенімді қадам басуы үшін бейбітшілікті, мемлекет ішіндегі ұлтаралық келісімді сақтауды, елімізді мекендеген барлық халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынасты қамтамасыз етуді талап етеді.  Еліміздің ертеңі мен болашағы жастар. Олай болса Отанға деген сүйіспеншілік, халықтық дәстүрлерге адалдық, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу, қоғамдағы бірлік пен келісімге беріктік – міне, осы қасиеттер жас ұпақтың бойында болуға тиіс».

Салтанатты шара барысында Басқарма төрағасы — Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттің ректоры Ерлан Сыдықов пен ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы генерал-майор Әлихан Жарболов жиналғандарды алда келе жатқан айтулы мерекелермен құттықтап, әскери білім алу және Отанға қызмет ету жолындағы еңбектерінде табыс тіледі.

Салтанатты жиынның соңында әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері сап түзеп өтіп, өздерінің  кәсіби дайындықтарын паш етті.

Сонымен қатар, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамына ҚР Қорғаныс министрінің, ҚР Бас шатбы бастығының және ЕҰУ ректоры атынан мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Абзал Ибрагим

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді