jasqazaq.kz

Жауапты ойын: оны кез келген букмекер ұсынбайды

16 қыркүйек 2022, 11:46

 Сайтта жауапты ойын опциясының болуы «дұрыс» букмекерді таңдауға мүмкіндік береді

Құмарпаздықтан қорғау

Бүгінде еліміздегі кәсіби букмекерлер арасында жауапты ойын қағидаларын қолдану қалыпты дағдыға айналды. Ресми тіркелген, заң аясында жұмыс істейтін кез келген букмекерлік кеңсе өз клиенттеріне ойынға ес-түссіз берілуге жол бермейді, яғни құмарпаздықтың алдын алатын шаралар кешенін ұсынады.

Бұл сонда не нәрсе? Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттеуші ұйымының (ӨРҰ) өкілдері түсіндіргендей, отандық букмекерлер жауапкершілік қағидаларын дамыған елдердің тәжірибесінен алып отыр. Еуропа елдерінде әлеуметтік жауапты букмекер өз клиенттерін қайтсе де ұтуға ұмтылатын ессіздіктен сақтандыруды бұрыннан-ақ қолға алған. Олар ойынқұмардың бар ақшасын бәске салып, тақырға отырғанын күтіп отырмайды. Жауапты букмекер спортқа бәс тіккенде белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеу шараларын ұсынуға міндетті. Ондай шектеуді бәс тігуші алдын ала өзі үшін бекітуі тиіс.

Ерікті сақтандыру

Мұндағы негізгі сөз – «ерікті». Миллиондаған ақшасын ойынға салып, ұтылам деген адамды ешкім де өз еркінен тыс тежей алмайды. Ойынпаз өзін-өзі шектейді. Басын алып жүре алатынына сенімді болса, шектеу қоймауға да қақысы бар. ӨРҰ өкілдерінің бірі айтқандай, ең алдыңғы кезекте жауапкершілікті ойынпаздың өзі белгілейді. Өйткені букмекерлер клиенттердің қаржысы туралы да, оның психологиялық жағдайы туралы да білмейді ғой. Сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл ережесін де мәжбүрлеп таңа алмайды.

Дегенмен олар ескертуге міндетті және бүгінде солай әрекет етіп отыр. Осы орайда отандық букмекерлік кеңселер ойынпаздық тәуекелін азайту үшін мынадай шараларды ұсынады:

• Сіз жеке кабинетіңізде бәс тігудің ең жоғары сомасына лимит қоя аласыз.
• Сіз депозитке лимит белгілей аласыз. Мәселен, клиент бәс тігу үшін ең жоғары соманы бір күн, апта немесе бір айға белгілейді. Көрсетілген мерзімге дейін лимит бітіп қалса, есепшотты толықтыру техникалық жағынан мүмкін болмайды.
• Лимитті ойын кезінде де енгізуге болады. Егер ойынпаз күніне 4 сағат деп белгілесе, ол букмекердің қосымшасы немесе сайтындағы (әрі кез келген қазақстандық букмекердің) іс-қимылын осы мерзімнен асыра алмайды.
• Белгілі бір мерзімге өзін-өзі тоқтатуға болады. Оған сәйкес, ойынпаз базаға жеке мағлұматтарды енгізеді. Сонда букмекерлік кеңсе белгіленген мерзім ішінде одан бәс қабылдамайды.

Тағы да қайталап айтайық: бұл шараларды ешкім де тықпаламайды. Кеңес кезеңінде айтылғандай, «колхоға кіру-кірмеу – өз еркің». Бәс тігуші өзі ғана шешім қабылдай алады. Өзіне-өзі шектеу қоя ма, емін-еркін бәс тіге ме, ол жағын тек өзі шешеді.

Біз ойлап тапқан жаңалық емес

Қазақстан букмекерлері жауапты ойын тәжірибесін қайдан алып отыр? Бұл сауалға ӨРҰ өкілдері алдыңғы қатарлы еуропалық тәжірибені әбден зерттеп, содан кейін енгізілгенін айтады. Шетелдегі букмекерлік кеңселерде Betting awareness қағидасы қолданысқа ие. Айталық, әлемдегі ең ашық букмекер – Pinnacle компаниясының тәжірибесіне тоқталуға болады. Еуропа мен АҚШ-тағы басқа букмекерлер ойынға тәуелділік туралы тәптіштеп айтуға құлықсыз болса, бұл компания өз сайтында лудомания туралы ашық жазады. Мұнда жауапты ойын мен оның барлық опциялары туралы баяндалатын параққа сілтеме де бар.

Сондай-ақ ең беделді деген британиялық William Hill букмекерлік кеңсенің тәжірибесі де кеңінен зерттелген. Осы компанияға тиесілі сайттың бастапқы бетінде арнайы ескерту «менмұндалайды». «Жауапты ойын» бөлімінде лудомания түйткілдері егжей-тегжейлі талқыланып, бәс тігушіге арналған психологиялық сауалдар да ұсынылады. Соған жауап беру арқылы әркім құмарпаздыққа тәуелділігін анықтай алады.

Халықаралық 1Xbet букмекерлік кеңсесінің тәжірибесі де айтуға тұрарлық. Айта кету керек, бұл компания біздің елде де жұмысын жүргізіп отыр. Олар құмарпазға тән қауіпті психологиялық өзгерістердің алдын алу қағидасын ұстанады. Букмекер спорт оқиғасына бәс тіккенде қандай іс-қимылдың теріс екенін тәптіштеп, жан-жақты психологиялық кеңес береді. Сондай-ақ клиенттердің өзін-өзі шектеуіне арналған нұсқалардың толық тізімін ұсынады.

ӨРҰ өкілдері біздің елімізде жауапты ойынның ең маңызды бағыты жүзеге асырылғанын айтады. Клиенттің бір букмекерлік кеңседе өзін-өзі шектеуі барлық кеңселерге де қатысты. Ол сөзінде тұрғысы келмесе де, өзі қойған шектеуді бұза алмайды.

Астыртын букмекердің белгісі

Ал егер сіз астыртын, яғни ел ішінде тіркелмеген сайтқа кіріп бәс тігетін болсаңыз, жоғарыда айтылған шектеудің ешқайсысы да жұмыс істемейтінін ескеріңіз. Өкінішке қарай, ғаламторда ондай сайттар әлі де көп.

Заңсыз жұмыс істейтін букмекерлер немесе онлайн-казинолармен мемлекет, әрине, күрес жүргізіп жатыр. Бірақ біздің мемлекеттік органдар мұндай компанияларға тосқауыл қоюға келгенде өте шабан қимылдайды. Мәселен, ғаламторда заңсыз жұмыс істейтін букмекерлік кеңсені жауып, бұғаттау үшін сот процестері бірнеше апта немесе айға созылуы мүмкін. Сайтты бұғаттаған соң оның көшірмесін (басқа web-адреспен сайт-клон) ашуға алаяқтар ары кетсе, екі сағат қана жұмсайды.

Ал ресми жұмыс істейтін букмекерлер нарықтың барынша таза болуына мүдделі. Сондықтан олар заңсыз шетелдік онлайн-кеңселерді анықтап, әшкерелеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп, белсенді әрекет етеді. Алайда әзірге бұл жұмыс тиісті нәтижесін бере алмай отыр. Қазақстанда лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлер өз клиенттеріне ғана емес (алдау, ұтысты төлемеу, клиенттердің аккаунты мен ақшасымен қоса сайттардың жойылуы), заңды түрде жұмыс істейтін кеңселерге де зиянын тигізіп келеді. Себебі астыртын сайттардың кесірінен лицензиясы бар букмекерлердің имиджіне нұқсан келеді.

Ал жауапты ойын опциясының болуы, қайталап айтамыз, букмекерлік кеңсенің заң аясында жұмыс істейтінін айғақтайды.

Олжабек Байқуатов

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ