jasqazaq.kz

Құжатсыз зейнеткерлік жасына жетті

06 желтоқсан 2016, 11:56

20161206084345Қостанай облысында сот өкілдері зейнеттік жақса дейін бірде-бір құжатсыз өмір сүрген әйелді анықтады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Қостанай облысының Алтынсарин ауданының тұрғыны Әмина Кәукенова өзінің тууына байланысты анықталған заңдық факті бойынша сотқа қайырылды. ҚазАқпарат хабарлағандай, құжаттар тұрғынға зейнеттік жасқа келгендігін тіркеп, көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алу және ҚР азаматы ретінде барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында куәлік алу үшін керек болған. Ә.Кәукенова 1952 жылы 22 мамырда Қостанай облысы, Жангелді ауданында туған. Бұл туралы ол өзінің ата-аналары мен туған туыстары арқылы білетін болып шықты. Ол ауданға 1970 жылдары келген. Ә.Кәукенованы ата-анасы Алтынсарин ауданының Свердлов ауылының тұрғынына ұлттық дәстүр бойынша тұрмысқа шығарған және ол осы уақытқа дейін аталған мекенжайда тұрып келген. Сөйтіп отбасылы азаматтардан бірген тұрған жылдары 6 бала туған. Олардың екеуі мүгедек. Ал, әйелдің өзі болса сауатсыз, білімі жоқ, ешқашан еш жерде жұмыс істемеген. Ол ауруханаға да ешқашан бармаған, туған күнін соттан тыс анықтау осы уақытқа дейін мүмкін болмаған. Оның ешқандай құжатының жоқ болғандығына байланысты оны еш жерде ешкім қабылдамаған. Көршілері мен таныстары сотта оның жасын растады. Бұған қоса, әйелдің тегі мен туған күні Алтынсарин ауданының Қара Мырза ауылына қарасты Свердлов ауылдық кеңесінің мұрағат қорында көрсетілгендігі белгілі болды. Алтынсарин аудандық сотының шешіміне сәйкес, Ә.Кәукенованың өзінің туған жылын тіркеу туралы сотқа жолдаған заңдық өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі күшіне енді. 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті