Жатақхана тәртіпке үйретеді

05 қазан 2023, 15:47

Жас қалам

Алматыда оқитын студенттердің «бас ауыртатын» бір мәселесі – баспана. Ата-анасы ауқатты студентке рахат, пәтер жалдай салады. Жағдайы онша еместер жатақхана жағалайды.

Жатақхананың қазіргі таңдағы бағасы — кем дегенде 200 мың теңге. Кейбіреуге сол 200 мың теңгені төлеудің өзі оңай емес. Бірақ пәтер жалдағаннан жақсы. Мысалы, пәтерде тұрып ай сайын 200 мың теңге төлеуі мүмкін. Ал жатақханадағы орын үшін жылына бір рет төлесе болды. Осының өзі студенттерге үлкен көмек деп ойлаймын.

Тағы айта кететін жайт, жатақханадағы студенттердің өмірі қызыққа толы. Тұйық мінезді студенттер дәл осы жатақханада тұрып ашылады. Себебі мұнда ол көп адаммен араласып, ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Көп нәрсені үйренеді.
Жатақханада тұрғанның тағы бір жақсы жері: мұнда тәртіп бар. Өйткені сыртқа қыдыруға шыққанда сағат 23:00-ден қалмай, есіктен кіріп үлгеру керек. Ал одан кешіксең, жатақханаға кіре алмайсың. Мұның өзі студентті тәртіпке үйретеді.
Жатаханада барлығы ортақ. Тұратын бөлмең, жейтін тамағын, сабақ оқитын орның. Жатақханада осындай нәрселердің өзімен өмірің қызықты болып кетеді. Алматыдағы жатақхана тіршілігі – қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұмытылмас кезең.

Аружан Нұрмұханбет,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді