Жатақхана орнына – хостел

13 тамыз 2023, 11:32

 

booking.com

Жаз бітіп, студенттердің жыл құсындай Алматыға қайтып келетін уақыты да жақындап қалды. Қыркүйек бастала әдеттегідей жатақханада орын жетіспейді, пәтер жалдау бағасы қымбаттайды т.с.с. Соны ескерді ме, биыл ғылым және жоғары білім министрлігі ертерек қамданған сияқты. Алматыға сапары барысында министр Саясат Нұрбек студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ететін ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты..

Саясат Нұрбектің айтуынша,  қазір жатақхана тапшылығын шешу мақсатында үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр: «Біріншісі – құрылыс бағыты. Студенттер үйін салу үшін субсидиялық нормативтер өзгертілді. Қазір жеке меншік құрылыс компанияларымен белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Екінші бағыт – хостелдермен, қонақ үйлермен арнайы келісімшартқа отыру. Бүгінде Алматы қаласында 60-қа жуық хостелмен келісімшартқа қол қойылды. Үшінші бағыт бойынша әр университетте ахуалдық орталық құрылып, белсенді жұмыс істеуде».

Министр университет басшыларына тамыздың 15-не дейін жатақханалардағы жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, хостелдердегі санитарлық талаптарды тексеруді және әр студенттің қауіпсіздігін назарда ұстауды тапсырды.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады