jasqazaq.kz

Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды

14 қараша 2025, 18:02

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты Торайғыров көшесінің Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейінгі аралықта кешенді көркейту жұмыстарын аяқтады.

Көркейтілген аумақтың жалпы көлемі – 2,5 гектар.
Мұнда ауқымды жұмыс жүргізілді:
-энергия үнемдейтін шамдары бар 220 жарық тірегі орнатылды;
-70 орындық және 110 қоқыс жәшігі қойылды;
-200 ағаш, 1 500 бұта және 8 200 шаршы метр көгал егілді;
-6 500 шаршы метр аумақта веложол салынды;
-қауіпсіз жабыны бар заманауи балалар және спорт алаңдары жасақталды;
-ұзындығы 10 000 метр автоматты суару жүйесі орнатылды;
-тұрғындардың демалысы үшін перголалар мен әткеншектер орнатылды.

Айта кетерлігі: осы аумақтағы ауқымды көгалдандыру жұмыстары қала әкімі Дархан Сатыбалдының нысанға жасаған сапары кезінде берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді.

Жалпы аудан көлемінде биыл 26 көркейту жобасы қолға алынған, олардың қатарында жаңа қоғамдық кеңістіктер де бар.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі 

 

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді