Жасыл Қазақстан: Шымкенттің «Жасыл белбеу» жоспары бекітілген

28 тамыз 2023, 18:26

Шымкент — жасыл желегі жайқалған қалаға айналады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Шымкенттің о бастан жасыл қала екенін келушілерді бірден жылылыққа бөлейтін ауа райымен ерекше.

«Біздің есебіміз бойынша қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады»,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада 40 гектарға жуық жерге «Шымситиден» саябақ салу, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде. Бұдан бөлек, қалаға ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Қаланы қолайлы қала ету үшін оның сәулеті мен көркіне де көңіл бөлініп жатқанын айтқан әкім өткен жылы демеушілер есебінен 77 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңарғанын жеткізді.

Шымкенттің жасыл желегін кеңейту мақсатында қала аумағында 4 гектар жерге 2000 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Қаладағы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының сөзінше Түркістан облысының әкімдігі тарапынан 752 га жерді «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен шығарып, Шымкент қаласының теңгеріміне өткізу қаулысы әзірленіп отыр.

Бұл жер шаһар теңгеріміне енсе қала төңірегінде орман қоры молайып, жасыл аймақтің көлемі артады. Орман шаруашылығын дамыту үшін «Жасыл белбеу» мекемесі ағаш көшеттерін көбейтуді қазірден бастап қалға алған. Аталған мекеме жыл басынан 4 гектарға 2000 дана ағаш көшетін отырғызған. Алдағы уақытта жасыл аймаққы егілетін көшеттеді әзірлеу үшін 8,2 гектар тұқымбаққа 10 000 терек, 3000 жиде, 1000 ақ тал , 2500 легустра және 500 дана шынар қаламшасы отырғызылды. Сонымен қатар, 976 гектар жерді ағаш көшеттерімен толықтыруды көздеген «Жасыл белбеу»10 гектар жерді көшет отырғызуға дайындап отыр. Қазір оның 2 гектарына әр түрлі жеміс көшеттері қондырылған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды