Жасыл Қазақстан: Шымкентте қалдықтарды кәдеге жарату жобасы қаралып жатыр

28 тамыз 2023, 18:22

Шымкентте қала тазалығына арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы әзірленуде. Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласының атмосфералық тазалығын сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тарқатып айтсақ, ең алдымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен 15 мамырдағы қауіпсіздік кеңесіндегі тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр.

«Коммуналдық қалдықтарды басқару» бағдарламасына сәйкес, алдағы уақытта қаланың қоқыстарын шығаруды бақылау және оңтайландыруға арналған 2ГИС бағдарламасы іске асырылатын болады. Яғни, әрбір тұрғын мұнан былай қоқыс жинайтын арнайы көліктің тұрғын үй ауласына қай күні, қай сағатта келетінін немесе келіп кеткенін, қаншалықты қоқыс жинап әкеткенін смартфон қосымшасы арқылы бақылап отыра алады. Сондай-ақ, ауаның ластануы мен қалдықтарды кәдеге жарату мақсатында қалада қазір қоқыс өңдеу зауытын салу жоспары да бар.

Көзделген қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаруға қауқарлы. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тарту көзделіп, бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында келіссөздер жүргізілуде. Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылдың ақпан айынан бастап қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осы кезеңге дейін полигонда жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс қоқыс алаңының жағдайын едәуір жақсартуға ықпал етеді екен. Сонымен қатар, полигонның айналасындағы шашылған қоқыстар жиналып, кәдеге жарату үшін қайта өңделмек.

Мұнан бөлек қоқыс өңдеу зауытының құрылысына инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы аумағына қалдықтарды өңдеу зауытын салуға Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялары қалдықтарды өртеу зауытының құрылысын салуды ұсынды, Германия компаниясы полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынды. Ал испандық AUDITORES ENERGETICOS AFN компаниясынан коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізу бойынша ұсыныс түсті. Компания өкілінің ақпаратына сәйкес, AEN технологиясы экология бөлігінде бірқатар артықшылықтарға ие — бұл «Нөлдік қалдықсыз цикл» деп аталатын процесс және экология мен халықтың қауіпсіздігі бөлігінде қабылданған Еуропалық директиваларға сәйкестендірілген.

Ұсынылған материалдар бойынша технология электр энергиясын өндіре отырып, қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға, сондай-ақ полигондағы қалдықтарды (шамамен 2 миллион тонна) қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның құны — 200 млн еуроны құрайды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды