jasqazaq.kz

Жастарға кәсіби бағдар беретін форум өтті

24 қараша, 13:00

Қоғамда масылдықтың таралуына жол бермеудің бірден-бір жолы – жұмыс істеуге жағдай жасау. Бұл орайда, әсіресе, жас буында еңбекке баулудың маңызы зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны мәлім. Бұл жастардың жұмысшы мамандықтарын игеруіне мүмкіндік беру дегенді де білдірсе керек. Еліміздің үшінші мегаполисінде осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында жұмысшы мамандықтары кеңінен насиахатталып отыр.

Сондай игі шараның бірі — AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы, партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұйымдастыруымен өткен «Жұмысшы жастар» форумы. Басқосуға «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Акерке Искандерова, AMANAT партиясының қалалық филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, зауыт президенті Цзян Жиюань, бірінші вице-президент Бақыт Тасқынұлы, қала әкімдігі өкілдері, жас мамандар, студенттер, депутаттар мен спортшылар қатысты.

Форум қатысушылары алдымен зауытқа экскурсия жасап, технологиялық үдерістермен және жас мамандарға арналған мүмкіндіктермен танысты. Кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынып, кәсіби бағдар беру бағытында еркін кездесу ұйымдастырды.

Пленарлық отырыс барысында Акерке Искандерова форумның Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай өткізіліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, еңбекқор, жаңашыл жастарды біріктіріп, олардың пікірін тыңдайтын алаң қалыптастыру маңызды.
AMANAT партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев жұмысшы жастарды қолдау бағытындағы жобаларға тоқталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іске асып жатқан бастамалардың жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын, сондай-ақ шымкенттік жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қалада 331 мыңға жуық жас болса, соның 8 мыңнан астамы жастар ұйымдарының мүшесі.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС президенті Цзян Жиюань зауыттағы жаңғырту жұмыстарының жүйелі жүріп жатқанын жеткізді. Ол өндірістің дамуы білікті мамандарға, әсіресе жаңа технологияларды меңгерген жастарға тікелей байланысты екенін айтты. «Жас мамандарға инвестиция – компания болашағына салынған инвестиция», деді ол.

Қырық жылдан астам еңбек өтілі бар цех бастығы Болат Қалдыкөзов жас мамандарға еңбек сүйгіштік, қызығушылық, ұжыммен жұмыс жасау, қателіктен қорықпау және өмір бойы үйренуден жалықпау жөнінде кеңес берді. Жастардың зауыт жұмысын өз көзімен көруі олардың қызығушылығын тудырып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар сілтейтіні сөзсіз.

JQ-Aqparat

04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды