Жастарға берілетін шағын несиенің кепілді мүлік түрі көбейді

04 қыркүйек 2023, 15:26

Бүгінгі күннен бастап жастарға жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді.
Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады:
— екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;
— республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;
— жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;
— жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;
— бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;
— мамандандырылған техника.
Шағын несие беру тәртібі, оны қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен тәсілдері тапсырма шартында белгіленеді.
Шағын несиенің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды.
Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.
Сондай-ақ шағын несие алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол шағын несие мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Шағын несие міндетті түрде кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді