Жастарды қолдау: Астанада мектеп түлектеріне мыңнан астам грант бөлінді

07 қыркүйек 2023, 15:12

Астанада халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мектеп түлектеріне елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқу ақысын төлеуге арналған сертификаттар табыс етілді.

Елорда әкімдігі Астанадағы кез-келген ЖОО-да жеке және мемлекеттік деңгейде тегін оқи алатын мектеп түлектеріне мыңнан астам грант бөледі.

Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанына ақы төлеуге сертификаттар Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің биылғы түлектеріне беріледі:
* жетім балалар;
* балалар үйінің тұлектері;
* бала кезінен мүгедектер;
* ата-ана амқорлығынсыз қалған балалар;
* көп балаллы отбасынан шыққан балалар – жан басына шаққандағы орташа табысы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлем түрінде – 213 240 теңге.


Биылғы оқу жылында оқуды 30 студент аяқтады. Оның 29-ы дипломын алса, 1-еуі республикалық грантқа ауысты.
2008 жылдан бастап барлығы 359 студент тіркелген маман болды.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а Ерлан Жүсіпов: «Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда 359 маман шығарылды. Жыл сайын бұл бағытқа қаражат қарастырылады. 150-ден астам адам оқып жатыр. Түлектеріміздің бәрі, яғни 359-ының ішінде 320 адам жұмысқа орналастырылды», — деді.


Жекелеген санаттағы түлектер (оның ішінде оқуын жалғастырушылар) 2023-2024 оқу жылына бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес, басым мамандықтар – медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша оқиды.
Грант иегері Ләззат Темірболатова: «Бұл маған берілген оқу мүмкіндігі, ал ата-анам үлкен жеңілдік болмақ. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды. Сапалы білім алып, көкжиегімді кеңейтіп, білікті маман боламын деп ойлаймын», — дейді.
Бұл жолы грант сертификаттары 19 мектеп түлегіне мынадай мамандықтар бойынша берілді: дизайн, ақпараттық жүйелер, қазақ тілі мен әдебиеті, көліктік логистика, жалпы медицина, психология.

JQ-Aqparat

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді