Жастар өмірден өз орнын табуға ұмтылады

19 қазан 2023, 16:06

Жас қалам

Соңғы он жылда әлемде екі құбылыс қатар дамып жатыр. Бір жағынан, кейінгі толқын өкілдеріне қатысты күйзеліске ұшырау (депрессия), үрейге бой алдыру, биполярлық деструкция секілді күрделі психикалық күйлер жиі аталатын болса, екінші жағынан, қоғамда психикалық проблемасы бар адамдарды қорлауға қарсы қадамдар жасалып жатыр.

Статистика не дейді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сүйенсек, қазір әлемде 970 млн адамның психикалық денсаулығында бұзылыс бар. Оның ішінде ең жиі кездесетін диагноздар – депрессия мен үрейге бой алдыру: 350 миллионға жуық адам депрессияға шалдықса, 284 млн адам үреймен өмір сүреді. Сарапшылардың айтуынша, коронавирус пандемиясы бұл статистиканы ушықтыра түскен: ХХ ғасырдың басындағы испан вирусы адамдарды қалай неврологиялық сырқатқа ұшыратса, COVID те солай жан ауруларының қатарын арттырып жіберген.

Оған қоса, ДДҰ экономикалық қиындықтар мен жұмыссыздық та менталды аурулардың көптеп таралуының бір себебі болуы мүмкін екенін ескертеді.

Ал біздің еліміздегі жағдай қандай? Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығында ем алған 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың саны 2021 жылы 163 болса, 2022 жылы 277-ге өскен. Биылғы бес айдың ішінде орталық көмегіне 97 жас жүгінген.
«Бүгінгі жастар үшін өмірден өз орнын табу, өзін-өзі дамыту, саяхаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге басымдық береді. Бұрын көзбояушылық сипаты басым сәнді киіну, селтеңдеп бос жүру, бағалы бұйымдарын мақтан етуден арылып, оның орнын жетістікке ұмтылу, қабілетін дамыту, рухани интеллектуалдық бәсеке алмастырды. Әрине, бұл қуантарлық жағдай», — дейді блогер Динара Болат.

Шынында да, жастар құндылықтарының трансформациялануы, көпшілігінің өзін тұлғалық жағынан дамытуға тырысуы қуантады. Дегенмен жастар арасында мамандық таңдауда жиі қателеседі. Өз айналамдағы көптеген достарымнан да «Ата-анам мені түсінбейді, менің бұл мамандықта оқығым келмейді, маған бұл жер ұнамайды»,- деген сөзді көп естимін. Бұл ата-ана өз принциптерін баласының арман-мақсатынан жоғары қоюынан туындайды деп санаймын. Осыдан өте келе пайда болатын тағы бір мәселе -тәуелділік. Өмірінде кейбір келеңсіздіктерге ұшырап, тығырықтан шығатын жол таппаған кезде ересек біреуге психологиялық көмекке жүгінудің орнына жас жеткіншектер есірткі, алкоголь немесе құмар ойындарды таңдайды. Осы кезеңде ата-ана немесе өзге жақын адамының жасөспірім психоэмоционалдық жағдайына мән бергені маңызды. Себебі әлгіндей келеңсіздіктер ақыр соңында суицидке әкеп соқтыруы мүмкін. Оның алдын алу үшін қолдау қажет деп айтар едім. Жастар білім алып, еңбек етіп, мемлекеттің өркендеуіне өз үлес қосуға ынталы. Сондықтан олардың мотивациясын арттырып, арман-мақсаттарының орындалуы үшін жасаған талпыныстарын аяқ-асты етпей, көбірек қолдау керек.

Айзере Жанарбекова,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді