Жастар деструктивтік қауымдастыққа интернет арқылы қосылады

08 қыркүйек 2023, 14:33

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев лаңкестік және экстремистік ұйымдардың әлеуметтік желілерді өз мүддесі үшін пайдалану қаупі туралы айтты.

Астанада өтіп жатқан ШЫҰ кеңесінің 40-шы отырысында сөз сөйлеген Р.Сейсенбаев: «Халықты радикалдандырудың тағы бір маңызды факторы — терроризмді интернет арқылы насихаттау. Интернетті қолданушылардың белсенділігі терроризм мен экстремизм идеологтерінің үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жағдай жасап отыр. Бүгінде бұл — әсіресе жастарды радикалдандырудың негізгі факторы. Цифрлы ортада халықаралық террористік ұйымдар халыққа деструктивті ақпараттық насихат жүргізіп, психологиялық әсер етуі үшін пайдаланатын желілік инфрақұрылым құрылды», — деді.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте жұмыс істейтін 10 мыңға дейін экстремистік электронды алаң бар.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы деректер алмасу, экстремистік материалдарды тарату, сондай-ақ террористік қызметті басқару құрылады. Өкінішке қарай, ең осал және террористік қауіпке жиі ұшырайтын санат — жастар. Тек биыл ғана Қазақстанда деструктивті қауымдастықтардағы жастар арасынан 80 мыңға жуық желі пайдаланушысы анықталды. Олардың ішінде 6 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған. Бұл мәселені шешу үшін ШЫҰ елдерінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл жұмысын одан әрі жетілдіре түсу қажет», — деп толықтырды спикер.

JQ-Aqparat 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді