jasqazaq.kz

80-90 мың теңгені місе тұтпайды

19 қантар 2017, 21:17

Атыраулық жастар табысы 80-90 мың болатын жұмыстардан бас тартып отыр. Бұл туралы Жастар істері жөніндегі кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат». Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпановтың айтуынша, жұмыссыз жастардың бірін жалақының мөлшері қанағаттандырмаса, бірі нақты мұнай-кен орындарында еңбек еткенді қалайды. Бүгінде олар табысы 80-90 мың болатын жұмыстардан бас тартып отыр. Қазір Атырау облысында екі мыңнан астам жас — жұмыссыз. «Жұмысқа алынған кезде өздерін көрсете алмай, енжарлық танытатын немесе жұмысқа қабылданар алдында шақырылған тестілеуге әртүрлі сылтаумен келмей қалатын жастар да кездеседі. Мысалы, 2016 жылы жұмыс берушілерден 21 мыңнан астам вакансия туралы мәлімет түсті. Олардың 60 пайызы жастар үшін қарастырылды. «Сенімді құрылыс», «Синопэк» мекемелеріне тестке шақырылған 814 адамның ішінен 263-і келмей қалды. 197-сі телефонға жауап бермеді», — дейді Еркін Шпанов. Оның айтуынша, атыраулық кәсіпкерлер жұмысшы мамандығына адам таба алмай жатады. Жастардың құрылыс саласына да құлшыныс танытпауы, жұмыс берушілерді еңбек мигранттарын жұмылдыруға мәжбүрлеп отыр. Жастарымыз еңбек өтілі мен тәжірибелерінің жоқтығына қарамастан, «қара жұмыстан» гөрі кеңседе отыратын немесе мол табысты мұнай-газ компанияларында қызмет еткенді қалайды.   Дегенмен, республикада жастар арасындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 3,9 пайыз болса, Атырауда бұл көрсеткіш 0,7 пайызды құрап отыр. Яғни, жастарды жұмыспен қамту жағынан Атырау облысы алдыңғы орында. Жыл қорытындысы бойынша, жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 8400 жастың 5660-ы еңбекке орналасты.

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті