Жасөспірімді жарға итерген

19 маусым 2020, 13:34

«Қызың үйде, қылығы түзде» деген мәтел бар. Қазір қыз да, ұл да түзге шықпай-ақ, үйде отырып алып «қылық» шығара беретін болды. Бала өсіріп отырған ата-аналардың көбі біле бермейді, ғаламторда FREE FAIR деген ойын бар. Мектеп жасындағы ұлдың күндіз-түні айналысатын ермегі – сол. Қайсы күні әлгінің қандай ойын екенін көрейінші деген оймен, планшетін ақтардым. Сөйтсем, интернет арқылы бір уақытта бірнеше адам ойнайтын, атыс-шабысқа құрылған қатыгез бірдеңе.
– Мұның несі қызық? – дедім, планшеттің ішіне кіріп алған ұлыма қарап.
– Бір сәтте бірнеше адам ойнай береміз. Дәл қазір Ұзынағаштан Ерасыл, Сарыағаштан Ұлан ағам қосылды. Кластастарымның жартысын қостым. Топты өзім құрғанмын. Бұл өте қызық ойын. Жауларды өлтіресің. Жеңген жаққа очко береді, – деп сарнасын.

Баламның сөзінен түсінгенім, бірнеше адамға арналған, қиян-кескі ұрысқа арналған ойын екен. Бірнеше деңгейге бөлінген ойынның алғашқы бөлімдері тегін көрінеді. Ойын қызып, баланы өзіне тартып алғаннан кейін ақылы болады. Оны да ұлымнан сұрап білдім.
– Ақша сұраса, қайтесің? – дедім тамырын басып.
– Ақылысын ойнамаймын, – деп қояды. Әй, қайдам?! Ойынға басы кетіп қалған адам не істемейді? Қазіргі балалар бәрін біледі. Әлгі ойынның ақылы бөлімінде карточка номерін сұрайды екен. Кім білсін, бір күні балаңыз ойынның қызығына кіргенде, айлық алып жүрген карточкаңыздың іші бос болып тұрмасын?!

Ондай жағдай өте көп. Балалардың интернет ойынға қатты құныққанын білетін «пысықтар» қазір әртүрлі амал-айламен ақша тауып немесе қылмыс жасауға әуестенген. Әңгімемізді баламыздың құмарынан бастап, көпке созып алсақ, айып етпессіздер. Негізгі әңгімеге оралайық!
Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицид топтың «кураторы» құрықталыпты. «Кураторы» деп ойынды ұйымдастырған, топты құрушы адамды айтып отырмыз. Біз Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзоваға хабарластық. С.Қаракөзованың айтуынша, интернетке мониторинг жүргізген ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция мен тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ құрғаны туралы ақпарат алыпты. Сөйтіп Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылады.Полиция қызметкерлері әрі қарай тексеру жұмысын жүргізу кезінде интернет желісіндегі ұйымдастырушының аты-жөні мен мекен-жайын анықтайды. Күдікті Арыс қаласының тұрғыны болып шығады. Оны тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, үш қорап sim-карта, басқа да заттай дәлел алынады. Жап-жас жігіт телефоннан суицидке бағытталған телеграм-арна ашып, сол арқылы жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта аталған жайт «адам өлтіруге оқталу» деп тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдікті қамауға алыныпты.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев «Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеріп жатыр. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатысы бар адамдарды, телеграм-арнасындағы қатысушыларының өздерін де анықтайды», – деді.
Тергеу кезінде журналистерге ешқандай ақпарат таратылмайтынын білеміз. Алайда құзырлы мекемелер күдіктінің не үшін әлеуметтік желіде топ құрғанын, не үшін жасөспірімдерді суицидке итермелегенін, оның артында кімдердің, қандай топтардың тұрғанын анықтаса екен дейміз.

 

Жарас КЕМЕЛЖАН

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген