jasqazaq.kz

«Жас жауынгер» орталығына ата-ананың алғысы көп

26 тамыз, 12:57

Ерекше балалар ерекше қамқорлықты қажет етеді. «Тұсау кесер» жобасы аясында жұмыс істейтін Шымкенттегі «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сапасын жақсарту. Осы орталықтың негізін қалаған Садық Байымбетов Jasqazaq.kz тілшісіне алдағы алдағы жоспары туралы айтып берді.
«Бұл – елімізде ең аз қаржыландырылатын спорт түрі. Бірақ пайдасы орасан. Мысалы, паралимпиадада осы уақытқа дейін қанжығаға байлаған алтын аз. Себебі, оларды кішкентайынан даярлайтын орталықтар болмады. Ал, міне, менің артымда тұрған балалардан, бұйыртса, болашақ Олимпиада чемпиондары шығады деген үмітіміз зор. Біз сол үшін аянбай тер төгіп жатырмыз. Чемпион болмай қалса да, емдік шарасын қабылдап, денсаулығын түзейді.
Олимпиада және параолимпиадада Қазақстанның атынан бір спорт түрі жоқтығын ескерген отандық мамандар өткен жылы Арм Бэк атты спорт түрін ойлап тапқан. Арм Бэк – бұл арнайы құрылғының атауы. Ағылшын тілінен аударғанда «қолмен тарту» деген мағынаны білдіреді. Сәйкесінше, мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын арттырып, қарым-қабілетін жетілдіруге арналған.
Біздің мақсат – параолимпиадаға Қазақстанның атынан Арм Бэк деген спорт түрін енгізіп, тарих жасау. Арм Бэк үстелі көп қаржы, қаражатты қажет етпейді. Инвентарь сау және ерекше жандарға арнайы жасалған. Солақай, оңқайлығына қарай лайықталған. Қоларбадағы бала да келіп үстелдің астына ыңғайланып отырып айналыса береді. Амплитуданы кім бірінші тартып алады, сол жеңіске жетеді. Бұл жерде күш пен салмақтан гөрі білектің жылдамдығы маңызды. Жуырда Шымкентте Қазақстанның кубогін өткіздік. Шымқала жалпыесептік көрсеткіш бойынша 3 орын алды.
Қашанға дейін біз шетелге барып үйренеміз?! Шетелдіктер бізге келіп үйренсін. Бізде де көрсететін нәрсе бар. Әлемнің қай түкпіріне барсаңыз да, ерекше балаларға арналған мұндай жобаны кездестірмейсіз. Біз авторлық әдістемемізді әлемге кеңінен таратсақ деген ойдамыз. Бүкіл әлемнің ерекше балаларының басын қосып, кішкентай кезінен алуан түрлі жарыстар ұйымдастырып, оларға мотивация беріп, арасынан лидерлерді шығарсақ деген ниетіміз бар. Осы орайда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына, «Қазақстан халқына» қорына мың да бір рахмет айтамын. 2018 жылдан 2022 жылға дейін осы жобаның маңыздылығын айтып бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында «Жас жауынгер» орталығы ашылды. Қажеттілігі жоғары болған соң сұраныс та көп. Орталығымызға келем деушілер көп», — деді ол ағынан жарылып.
Ал Үміт Жоланқызы – орталыққа 11 жасар ұлын 3 жылдан бері қатыстыратын ана. Ол: «Баламның қатысқанына биыл үшінші жыл болып жатыр. Балам келген кезде сөз құрай алмайтын. Сөздік қоры өте аз-тұғын. Бұл жердегі мамандар жәй жаттықтырушы емес, ЛФК-жаттықтырушылар. Психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да балаларды баурап алады. Солардың үздіксіз жұмысының арқасында баламның сөздік қоры көбейді. Айналасындағылармен қарым-қатынасы реттелді. Берілген тапсырмаларды толық орындай алады. Оң нәтиже көп. Нәтиже көріп жатқан соң жаттығуын үзбеуге тырысамыз», — дейді.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда