jasqazaq.kz

«Жас жауынгер» орталығы ерекше балаларға шекісіз мүмкіндік сыйлайды

26 тамыз 2025, 12:55

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам өмірінен сырт қалмай, жан-жақты дамуына арналған орталықтардың маңызы зор. Сондай орталықтың бірі — Шымшаһарда. Қаладағы «Жас жауынгер» спортқа бейімдеу орталығы «Тұсаукесер» жобасы аясында жұмыс істейді. «Қазақстан халқына» қоры 33 600 000 теңге сомасына спорт залды жарақтандырып берген. Орталықтың негізін қалаушы Садық Байымбетов жоба мотивациялық әдістерді, психологиялық қолдауды және кинезотерапиялық тәсілдерді, әлеуметтенуді пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын айтады. Қайырымдылық көмек алушылардың нысаналы тобы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар екен. Жаттығулар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша мамандандырылған білім беру (дене шынықтыру-сауықтыру үйірмесі) шеңберінде өткізіледі. «Жас жауынгер» орталығының директоры Садық Бақытбекұлы Jasqazaq.kz тілшісіне мұндағы жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.

Біздің «Тұсаукесер» жобасы туралы айтып беріңізші. Бұл идея қайдан келді?» деген сауалымызға ол былай деп жауап берді:

«Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығы 2018 жылы Астана қаласында еріктілер тобымен ашылды. Екі жылдан соң-ақ айтарлық көрсеткішке қол жеткіздік. 2020 жылы бізді Әлем және Қазақстанның Олимпиада чемпиондары қолдап, біздің орталық «Жылдың үздік ұйымы» атанды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанды. 2022 жылдан бастап «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен еліміздің бес қаласында бөлімдеріміз ашылды. Атап айтар болсам, Астана, Шымкент, Атырау, Семей және Алматы қалаларында ашылып, жоба сәтті басталғаннан кейін 2024 жылы еліміздің 11 қаласында ашылып, балалардың спортпен тегін айналысуына мүмкіндік туды. Қор біздің бапкерлерді арнайы курстарда оқытуға жағдай жасады.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр