Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы қазіргі әлемдегі алмағайып ахуалды, түбірлі өзгерістерді зерделеп барып жасалған маңызы зор тарихи құжат екеніне дау жоқ. Жолдауда Елбасы үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді.
Жолдаудағы негізгі бамымдықтардың бірі ретінде адами капитал сапасын жақсарту мәселесі атап көрсетілді. Осы бағыт бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгерту арқылы экономикалық өсудің жаңа молелін жасақтауға, сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытып, ІТ- білімді,қаржылық сауаттылцықты қалыптастыруға баса көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтеріне кіретін автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер назарға алынған.
Қазіргі таңда Қазақстанның білімі мен ғылымы дүниежүзілік кеңістікке енуі үшін еліміздегі білім беруді демократияландыруға және оқыту жүйесіне жаңа талаптар қойылуда. Яғни, адамдар бір елден екінші елге барып оқып, еңбек етуде, ғылыми ұжымдар бірігіп, ортақ зерттеулер жүргізілуде.
Біздің өмірімізге технологиялар шапшаң жылдамдықпен еніп жатыр. Оны тоқтату мүмкін емес. Ойлау мен жұмыс істеу тәсәілдерін қайта құра отырып, технологиялар адамдарды толығымен өзгертуде. Білім сапасы да көп өзгерістерге ұшырап, көп жағдайда тенхнологиялық жаңашылдықтарға байланысты дамиды деген болжам бар.
Міне, сондықтан да жоғарғы оқу орындарын бітірген жастардың араларынан дарындыларын іздеу, іріктеу және қосымша оқыту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» бағдарламасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерін тағылымдамадан өткізу үшін кездесу өткізді. Оны «Самұрық –Қазына» АҚ басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев жүргізіп отырды. Сондай-ақ «Жас Өркен-2017» бағдарламасына қатысушы Айжан Бөгенова студенттермен ой бөлісті.
Бір түйгеніміз, дарынды 20 студенттен тұратын команда құру үшін Қазақстанның барлық аймағынан түлектер қатысады екен. Хас шебер болып, қызмет жолын еліміздің ең үздік ұлттық компанияларынан бастауды көздейтін келесі жылдың түлекңтері (бакалавриант, магистратура) бағдарламаға қатыса алады. Аталмыш кездесуді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жұмыспен қамту және кәсіби бағдар жұмыстары бөлімі ұйымдастырғанын да айта кетуіміз керек.