jasqazaq.kz

«Жарнамаға тыйым салынады». Еділ Жаңбыршин ЛГБТ өкілдерінің бетін қайтарды

24 қараша 2025, 14:15

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі тікелей эфирде ЛГБТ өкілдерінің сөзіне жауап берді. Ол «өз үйіңде білгеніңді істе, бірақ оны өскелең ұрпаққа насихаттауға қақың жоқ» деп кесіп айтты. Өткен аптада Мәжілісте талқыланған заңның мақсаты да – осы.

Депутат: «Біріншіден, ЛГБТ өкілдеріне, олардың осы қоғамда өмір сүруіне Қазақстан заңы тыйым салмайды. Ешкімді түрмеге жаппайды, айыппұл салмайды, яғни ол — әркімнің жеке таңдауы. Бірақ соның өкілі ретінде қоғамда насихат жүргізіп, әртүрлі семинар мен курстар, акциялар, митингілер өткізіп, әлеуметтік желі мен БАҚ-та соның символикалары және ЛГБТ насихатталса, бұған заңмен тыйым салынады.
Тағы бір мәселе – жанама жарнамалар бар. Арнайы ойыншықтарды дайындайтын, кинолар мен мультфильмдерді, деректі фильмдерді түсіретін, сондай-ақ символдарды пайдалану секілді өздерінің іс-әрекеттерін жарнамалайтын топтар бар. Оған енді тыйым салынды. Қайталап айтамын, ЛГБТ-ның жеке өкілінің қара басына қатысты бізде заңмен тыйым жоқ. Бірақ өзінің іс-әрекетін жарнамаласа, бұған тыйым бар», — деді.

JQ-Aqparat

Фото: Kazinform

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады