Жәрмеңкеде бәрі арзан

28 шiлде 2023, 9:24

Диқанның өнімін тұтынушыға делдалсыз жетуі үшін жәрмеңкенің орны айрықша. Шымкенттегі орталық «Қажымұқан» стадионындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шаруа жетілдірген барлық өнімді табуға болады. Мәселен, жәрмеңкеге кірген бойда қияр, қызанақ, тәтті бұрыш пен орамжапырақ дестеленген сөріге жақындап, тұтынушы кейпінде сатушыдан көкөністің бағасын, қай жерде өсірілгенін сұрадық. Сатушы сөредегі өнімдердің арасында қызанақ пен қиярды, баялдыны өзі өсіргенін, Ынтымақ шағынауданында есік алдында шағын бақшасы бар екенін айтты. Қалған тауарды «Барыс» базарынан алғанын да жасырмады.

–Жәрмеңке болғасын адам көп келеді. Тауар алуандылығы болмаса, сауда бәсеңдейтіні бар. Біз базардағы сатушылар секілді отырған орнымызға ақша төлемеген соң, тауар құнына аз ғана ақша қосамыз, – дейді саудагер.

Әрине, тауардың құнына саудагердің күнделікті базардағы орны үшін төленетін қаражаттың да әсер етуі табиғи. Енді оған, жол шығыны мен өз пайдасын қосыңыз. Бұдан шығатын нәтиже – азық-түліктің бағасының өсуіне алып келеді. Келесі кейіпкеріміз өзі өсірген өнімді делдалсыз тікелей, арзан бағада саудалайтынын, тұрақты тұтынушылары дәмді өнім үшін алғыс айтатынын мақтанышпен жеткізді.

–Біз жыл бойы, әр сенбіде осы жәрмеңкеге тауар әкелеміз. Азық-түлігін тек жәрмеңкеден алатын тұрғындар бізді танып, өткен жолғы сатып алған жүгерісі көңілінен шыққанын айтып, алғысын жаудырады, – дейді Бәйдібек ауданынан келген диқан Гауһар Исахова. Ол бүгінгі жәрмеңкеге өз бақшасында өсірген тәтті жүгеріні сатып отыр. Төрт жылдан бері Шымкент халқына өз өнімін саудалап келген көпбалалы ана – адам нан тапқан жеріне үйір екенін айтады.

–Өзім 6 баланың анасымын. Сәуір айынан бастап, отбасымызбен 65 сотық жерімізге дән егіп, баптап, дүмбілі сүтке (собығы) кіргеннен осы жәрмеңкеге әкелеміз. Көктемнен қара күзге дейінгі тіршілігіміз осы жүгері, – дейді Г.Исахова. Айта кетерлігі, базарда шикі жүгері собығы 150-200 теңге аралығында сатылса, жәрмеңкеде 80-140 теңгеге табасыз. Біз ары қарай ет сататын қатарға беттедік. Мұнда да сатылып жатқан қой, жылқы, сиыр және құс еттері де нарықтан 20 пайызға арзан екен.

–Бұған дейін жәрмеңке жайлы көп есіткеніммен бүгін алғаш рет келіп, келісі 2500 теңгеден жылқы етін сатып алдым. Мұндай бағаны екі жыл алдын көріп едік, одан кейін базарда жылқының еті 3 мың теңгеден асты. Басқа азық-түліктерде де осындай жағдай, базар нарығынан әлдеқайда арзан екен. Бұдан кейін көкөніс пен азық-түлікті тек жәрмеңкеден сатып аламын деп шештім, – дейді қала тұрғыны А.Қалыбеков.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады