jasqazaq.kz

Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды (Видео)

19 қантар, 9:21

Желіде баланы жылу батареясына байлап, ұрып-соққан әйелдің видеосы тарауына байланысты Жетісу облысының полициясы жедел тексеріс жүргізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Oқиға Жаркент қаласында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйел адамның кәмелетке толмаған баланы жылу батареясына байлап, күш қолданған сәті көрінеді.
Желі қолданушысы бұл видеоны жылап жатқан баланың әкесі түсіріп жібергенін айтып, аталған әрекеттің баланың анасы жасағанын жазды.
Аталған дерек бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 28 жастағы әйелдің өз баласына дене жарақатын салғаны анықталған.
Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
– Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба дерегі бойынша аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ол.
Полицияның хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бала барлық мән-жай анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылған.
Сонымен қатар полиция қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданатынын мәлімдеді.
Полиция департаменті тергеу барысы ведомство басшылығының жеке бақылауында екенін айтып, тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге