Жапон әдісі — зейнет жасындағы адамға жаңа мүмкіндік (Видео)

17 маусым, 16:52

Еңбекқорлық пен тапқырлық сөзін естісек, бірден жапон халқы есімізге түседі. Білуімізше, ең кәрі жұмысшылар жапон елінде. Кейбір зейнеткерлер 90 жасқа дейін жұмыс істей береді.

 

@jasqazaqkzЖапон әдісі — зейнет жасындағы адамға жаңа мүмкіндік Еңбекқорлық пен тапқырлық сөзін естісек, бірден жапон халқы есімізге түседі. Білуімізше, ең кәрі жұмысшылар жапон елінде. Кейбір зейнеткерлер 90 жасқа дейін жұмыс істей береді. Олар «қоғамға пайда келтірсек, біз үшін бұл бақыт» дейді. Әлеуметтік желіде зейнет жасындағы жапондар балаларды мектепке дейін жеткізу, ас әзірлеу және кеңсе жұмыстарын талғамай атқара береді. Ол жерден 70 жастағы жұмысшыны көру таң қаларлық жәйт емес. Мысалы, «Мен қатерлі ісікке шалдықпаймын» деген — Я. Ямада 72 жаста. 2011 жылы Фукусимадағы атом электр станциясында апат болғанда ерікті Ясутер Ямада тағы бірнеше жыл өмір сүретініне сеніп, көмек қолын созғандардың алғашқысы еді. Сол кезде 270-тен астам зейнеткерлерден құралған топты ақша үшін емес, соңғы 25 жылдағы әлемдегі ең үлкен ядролық апатты жеңуге жинаған еді. Ол өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын біле тұра, осындай жұмысқа өзін құрбан еткен. Мақсаты — қоғамға пайда әкелу. Жұмыс орнын көбейту. Алматыда «Алтын Жас» бағдарламасы биыл іске асырыла бастайды. Мегаполисте 2 249 370 адам тұрады, оның 247 844-ы – зейнеткерлер. Бұл тұрғын санының 11 пайызы. ӨҚК брифингінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов: «Зейнет жасындағы адамдар үшін жұмыс орнын құру қажеттілігі бойынша, арнайы сауалнама жүргізілді. Зейнет жасына толған 1 076 Алматы тұрғыны қатысты. Сауалнама қорытындысы, 80 жасқа дейінгі 48% (519 адам) еңбек қызметін жалғастыруға ниеті бар екені белгілі болды», — деді. Зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыруда ең көп қажеттілік денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп салаларында. Оның 47 пайызы — дәрігер, орта және кіші медициналық персонал, педагог, тәрбиеші, инженер, электрик, монтер, арматурашы, газ-электр дәнекерлеуші, машинист, экономист, бухгалтер, кассир т.б. сияқты мамандықтарында. Бағдарламаны Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығы (мансаптық орталық) жүзеге асырады. (Достық даңғылы, 85) немесе электрондық пошта арқылы a.jas@almaty.gov.kz жүгінуге болады. Бақытты жұмыстан таба білсе, бақыт жасқа қарамайды! Бақытжан Аманболқызы

♬ original sound — jasqazaqkz

Олар «қоғамға пайда келтірсек, біз үшін бұл бақыт» дейді.

Әлеуметтік желіде зейнет жасындағы жапондар балаларды мектепке дейін жеткізу, ас әзірлеу және кеңсе жұмыстарын талғамай атқара береді. Ол жерден 70 жастағы жұмысшыны көру таң қаларлық жәйт емес. Мысалы, «Мен қатерлі ісікке шалдықпаймын» деген — Я. Ямада 72 жаста. 2011 жылы Фукусимадағы атом электр станциясында апат болғанда ерікті Ясутер Ямада тағы бірнеше жыл өмір сүретініне сеніп, көмек қолын созғандардың алғашқысы еді. Сол кезде 270-тен астам зейнеткерлерден құралған топты ақша үшін емес, соңғы 25 жылдағы әлемдегі ең үлкен ядролық апатты жеңуге жинаған еді. Ол өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын біле тұра, осындай жұмысқа өзін құрбан еткен. Мақсаты — қоғамға пайда әкелу. Жұмыс орнын көбейту.

Алматыда «Алтын Жас» бағдарламасы биыл іске асырыла бастайды. Мегаполисте 2 249 370 адам тұрады, оның 247 844-ы – зейнеткерлер. Бұл тұрғын санының 11 пайызы.

ӨҚК брифингінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов: «Зейнет жасындағы адамдар үшін жұмыс орнын құру қажеттілігі бойынша, арнайы сауалнама жүргізілді. Зейнет жасына толған 1 076 Алматы тұрғыны қатысты. Сауалнама қорытындысы, 80 жасқа дейінгі 48% (519 адам) еңбек қызметін жалғастыруға ниеті бар екені белгілі болды», — деді.

Зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа орналастыруда ең көп қажеттілік денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп салаларында. Оның 47 пайызы — дәрігер, орта және кіші медициналық персонал, педагог, тәрбиеші, инженер, электрик, монтер, арматурашы, газ-электр дәнекерлеуші, машинист, экономист, бухгалтер, кассир т.б. сияқты мамандықтарында.

Бағдарламаны Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығы (мансаптық орталық) жүзеге асырады. (Достық даңғылы, 85) немесе электрондық пошта арқылы a.jas@almaty.gov.kz жүгінуге болады.

Бақытты жұмыстан таба білсе, бақыт жасқа қарамайды!

Бақытжан Аманболқызы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде