jasqazaq.kz

Жансейіт Түймебаев аяздағы концертті тоқтатты

25 қараша 2016, 0:48

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев іс-шарада жаурап тұрған қыздарды көріп, жаны ашып кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

pogudx1pk4hf56t048-a4abec13

Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласындағы жаңа дендросаябақтың лентасын қиды. Демалыс орнының ашылу салтанатына жиналған қатысушылардың күннің суығында жеңіл көйлекпен жаурап тұрған қыздарды назарына алған Түймебаевқа шараны ұйымдастырушылар жақпай қалды.

Кез келген ұлттық киімнің жаздық жəне қыстық түрі болатынын еске салған аймақ басшысы бұл əрекетті асыра сілтеушілік деп, концерттік бағдарламаны тоқтатып тастады.

pogudx7er8q2ofhel-aea070fe

 

«Ағайындар-туғандар, кез келген ұлт жазда жаздық, қыста қыстық киіммен шығады. Сіздердің кигендеріңіз жаздық киімдер. Қыздарымыз бүрісіп тұр. Бұндай асыра сілтеу болмасын. Барлықтарыңызға амандық тілеймін», — деген облыс əкімі дендросаябақта ағаш отырғызды.

Айта кетейік, лентасы қиылған дендросаябақтың құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, тура бір жыл ішінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Алайда көпшілік серуендеуге арналған орын қыстың қақаған суығында пайдалануға берілді.

 

nur.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді