Жанболат Найзабек: Менің алға қарай дамығым келеді

19 қыркүйек 2023, 15:18

Актер Жанболат Найзабеков «Өнер қырандары» театрынан кететіні туралы мәлімдеді.
«Бірге жүрмек бар, бірге өлмек жоқ. Ішім алай-дүлей бола бастады. Бұлай инстаға салатын нәрсе емес ақ-қараны ажыратып алу керек еді. Өнер қырандары театрымыздың қарсаңында Жанболат Найзабек Ресейге кетемін деп «шок» қылды», — деп жазды Дана Тұрарбек.

Өнерпаздың айтуынша, оған Ресейден арнайы жобалардың біріне шақырту түскен. Актер сол ұсынысты қабылдағанын және жуырда кететінін айтты.

«Маған таңдау жасау өте қиын. Мен алға қарай дамығым келеді», — деп жазды ол.
«Өнер қырандары» театрының директоры егер нақты ауқымды ұсыныс болса, онда қабылдау керектігін егер уақытша болса, театрда қалуын жеткізген-ді. Дегенмен театр instagram парақшасына жазба жариялап, оқырмандарын сабырға шақырды.
«Құрметті достар, сабыр етіңіздер. Бірнеше сағаттан соң толық мәліметті жариялаймыз. Жанболатты сөкпеңіздер, себебі әр нәрсенің қайыры бар», — деп жазды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді