Жаңа теміржол желісі жүк жеткізу уақытын қысқартады

14 қараша 2023, 15:32

Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты.

2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи максимумнан асты. 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22 пайызға артты. Бұл негізгі халықаралық бағыттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабына жүктеме артып отыр.

Сонымен қатар жобаны іске асыру Алматы стансасын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек бек жаңа теміржолына жүк ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы жаңа желі Алматы торабындағы жүктемені 40 пайызға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады.

Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол бағыты соңғы жылдары қарқынды өсім көрсеткенін атап өтті.

«Аталған транзиттік дәлізде Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады», — деді Премьер-Министр.
Жобаны жүзеге асыру барысында еліміздің үлесі кемінде 85 пайыз болады. Құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, желі іске қосылғанда шамамен 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.

«Шпал, рельстер мен трансформаторлар шығаруды, инертті материалдар, құм және қиыршық тастарды жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асырады», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу