Жаңа өндіріс ошағы экономиканың мультипликтивтік тұрғыдан дамуына ықпал етеді

16 қыркүйек, 14:05

Импорттан құтқарып, елдің экспорттық әлеуетін арттырады! Қазақстан экономикасын әртараптандыру және дайын өнім шығару саласында маңызды қадам жасалды. Атырауда полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі jasqazaq.kz сайтына хабарлағандай, кәсіпорын осы өңірдегі «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында салынады. Бұл көмірсутегі шикізатына бай еліміздің мұнай-химия өнеркәсібі кластерін дамытуға мықтап кіріскендігінің айқын дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту маңызды міндет екеніне тоқталып, елімізде полипропилен мен полиэтилен шығаратын ірі өндірістік жобалар іске асырыла бастағанын атап өткен болатын.

Өндірістік қуаты жылына 1,25 млн тонна пластик өнім шығаруға мүмкіндік беретін кешеннің құрылысына 8 мыңға жуық адам атсалысады. Кәсіпорын пайдалануға берілген кезде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Тағы бір маңызды көрсеткіш. Алып жоба іске асқанда еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1,2 пайызға өседі. Жаңа өндіріс ошағының тағы бір ерекшелігі – отандық экономиканың мультипликтивтік тұрғыдан дамуына ықпал етуі. Бұлай дейтініміз, күнделікті тіршілікте және экономиканың барлық салаларында, әсіресе, құрылыс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина жабдықтары, автобөлшек, құбыр жасауда кеңінен қолданылатын полиэтилен кластер жүйесін дамытуға, түпкілікті өнім өндірісін дамытуға септігін тигізеді.
Өндірістік жоспарға сай, зауытта полиэтиленнің 22 маркасы өндіріледі. Бұлардың 40 пайызы — премиум санатына жататын жоғары сапалы әрі сұранысқа ие бұйымдар. Осы саладағы әлемдік көшбасшылар — Axens (Франция), Univation Technologies (АҚШ) және Chevron Phillips Chemical (АҚШ) компаниялармен келіссөздердің нәтижесінде лицензиялық келісімге қол жеткізілді.

Мұндай ауқымды жобаны шикізатпен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. Бұл ретте кәсіпорынды салуға Атыраудың таңдалуы кездейсоқ емес. Полиэтилен өндірісінде этан пайдаланылады. Оны «Теңізшевройл» компаниясының осы өңірдегі кеніштерінде өндірілетін құрғақ газдан алады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының Газ бөлу кешенінде құрғақ газ этанға айналады. Айта кеткен жөн, акцияларының тең жартысы американдық «Шеврон» компаниясына тиесілі «Теңізшевройл» Атыраудағы полипропилен өндіретін KPI зауытына қажетті шикізат – пропанмен қамтамасыз етіп отыр.
Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп, қосылған құны жоғары тауарды экспорттауға мүмкіндік беретін кешен бес жылдан соң іске қосылады.

Срайыл Смайыл,

экономикалық шолушы 

Сурет: ҚМГ 

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?