jasqazaq.kz

Жаңа оқу жылында 340 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

12 тамыз 2025, 12:15

Қазіргі уақытта елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 4,1 млн оқушы, оның ішінде 341 мың бірінші сынып оқушылары мен 232 мың 11-сынып түлектері мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды jasqazaq.kz UKIMET телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал педагогтар үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары дайындалды.
Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерді басқару мәселесін қозғады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқарудың жаңа стандарты әзірленіп, 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқытудан өтті. Аталған модель өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айынан бастайды», — деді Ғ.Бейсембаев.

JQ-Aqparat

Сурет: ortcom.kz

19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр