Жаңа газ кен орындарын игеру басталады

23 тамыз 2023, 15:15

 

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі  нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту шаралары қаралды.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жиында елімізде газ тұтыну көлемі жыл сайын артып келе жатқаны, атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 1,8 млн тоннаны құрағаны айтылды.

Бұл көлемнің 65 пайызға жуығы автокөліктерге, 25 пайызы өнеркәсіп кәсіпорындарына, 10 пайызы халықтың қажеттіліктеріне және басқа да салаларға жұмсалды.

2023 жылғы болжамды газ тұтыну көлемі 1,9 млн тоннаны құрайды.

Артып келе жатқан қажеттіліктерді өтеу үшін бірқатар келешегі бар жаңа кен орындары игеріле бастайды. Олардан алғашқы өндірілген газды осы жылдың соңына дейін алу жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов жанар-жағармай нарығындағы жағдайды ұдайы бақылаудың және азаматтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз қамтамасыз ету үшін жоспарланған жобаларды уақтылы іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз