jasqazaq.kz

Жаңа 500 теңге шықты

27 қараша 2017, 17:16

Қазақстанның Ұлттық Банкі осы жылдың 22 қарашасынан бастап 2017 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналымға шығарды. Айналымға енген жаңа 500 теңгелік банкнотты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық банкі БҚО филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов таныстырды.

Оның айтуынша, жаңа банкноттың дизайны айналымдағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде – бет жағында басым түрде тігінен бейнелер, ал сырт жағында көлденең түрінде бейнелер орындалған. Басым түсі – көгілдір — көк. Банкноттың өлшемі – 130х62 мм. Банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және ортасында төменгі бөлікте ұшып бара жатқан көгершіндер келтірілсе, жоғары бөлігінде, ортасында және сол жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық бейнеленуі, сол жақта ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік бейнеленуі орналасқан. Жоғары сол жақ бұрышында

«Қазақстан Ұлттық БанкіІ» деген жазба, оның астында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазба орналасқан.

Банкноттың сырт жағындағы негізгі белгісі– Каспий теңізі, оның артында – Қазақстан картасының бейнесі. Сол жағында төменде және оң жағында жоғарыда банкнот номиналының цифрлық бейнеленуі, ал төменде ортасында – орыс тіліндегі әріптік бейнеленуі орналасқан. «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазба банкноттың сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар қолданылу кезеңі 2017 жылғы 22 қараша – 2020 жылғы 10 маусым болып белгіленді және «2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 207 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
— 2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылдың үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2020
жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті.

Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады,-деді Қ.Қозыбақов.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ