jasqazaq.kz

Жәмилә Серкебаева: скрипканы жек көрем

20 қыркүйек 2018, 12:24


Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева Good Housekeeping журналына ашық сұхбат беріп, өзінің отбасы, ұлы және қандай ене болатыны туралы айтып берген.
NUR.KZ. жазғандай, скрипкашының айтуынша, кез келген отбасында ер адам әйеліне қарағанда, көбірек ақша табуы керек. Шығармашылық адамы өзінің өнердегі жетістіктеріне қарамастан, ұлы Шамильге музыкалық білім алуды міндеттемепті. Себебі ол музыка туралы ешнәрсе естігім келмейді деп турасын айтқан көрінеді. Жігіт қазір гитарада ойнап, өлеңдер шығарғанымен, музыка мектебін бітірмеген дейді ол.
Алайда скрипкашы баласының айтқанына көніп, оны музыкаға баулымағанын қателік деп санайды. Себебі оның ынтасын ашу үшін жақсы ұстаз бен ата-ананың табандылығы қажет дегенге сенеді.
«Оны мәжбүрлеп оқыту керек еді, ал біз олай жасамадық. Мәселен, мені мәжбүрлейтін, жазалайтын, ынталандыратын… Бірінші сыныпқа барғаннан кейін, екінші жылы-ақ скрипканы жек көрем деп айтатынмын», — дейді Жәмилә Серкебаева.
Жұлдыздың сөзіне сүйенсек, оның музыкаға деген махаббаты тек сегізінші сыныпта ашылған. Ал оған себеп болған ұстазы Хесс Вениамин Соломонович екен.

Сөз соңында Жәмилә болашақта өзінің қандай ене болатынын да жасырмай айтты. «Алдын ала ойланып әрекет ететін ниеті түзу, күйгелек және тез басылатын, еркелететін және ұрыстаын ене боламын. Бастысы, қыздың көрген тәрбиесі ұлымның тәрбиесімен сәйкес келсе болғаны», — деп қорытындылады ол.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады