jasqazaq.kz

Жамбыл облысының тұрғындары Талас өзені есектің моласына айналды деп дабыл қағуда (Видео)

23 қазан 2025, 9:22

Жамбыл облысындағы жайылымдарды тып-типыл қалған есектер енді аштан қырыла бастады. Қала іргесіндегі Байзақ және Талас ауданының тұрғындарының айтуынша, айнала өлексеге толған. Тіпті бірнеше аудан халқы су ішетін Талас өзені де есектің моласына айналды деп дабыл қағуда, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Аудан әкімі «шоқпар жинаған тентекті тезге сала алмай отырмыз» деп күйінеді. Бұл мәселе облыс әкімдігінің де бас ауруына айналған.

Қазтұрған Болысбаев:  — Жайылымда жусанның шөгірінен басқа ештеңе қалған жоқ. Ауылдың малы арық. Қиын жағдай, жем-шөп те қымбат. Жалпы шаруашылыққа үлкен нұқсан келіп жатыр. Талас өзені жағалауын қу тақырға айналдырған сансыз есек енді орман шаруашылығының жеріне ауыз сала бастаған. Біз тұрған жер ауыл малының қысқы азығын дайындайтын шабындық жері болатын. Қазір бұл маңда есектің тезегінен аяқ алып жүре алмайсың.

Есек жайлаған бірнеше ауылдың тұрғындары білгісіз себептен әр жерде өліп жатқан жануарлар «ауру тарата ма» деп қорқып отыр. Ал осы өзеннен малы су ішіп отырған Талас ауданының тұрғындары тіршілік нәрін ластауға жол бергендер жауапқа тартылсын дейді.

Жаңабай Есімов: — Малының бәрі сыртта жатыр, қораның ішінде есек жоқ. Сол есектер мынау төменгі Бостандық савхозына дейін, бізге дейін жайылып келіп жатыр. Қыста біздің малымыз не жейді? Қу тақырдан малымызды қырып алмаймыз ба?

Аудан әкімі есек бағуға есі кеткен кәсіпкерге сөз өтпейтінін айтып налыды. Ол екі жылдан бері есекті «елсіз мекенге әкетемін» деген уәдісін сол күйі орындамаған.

Ал осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары есекті алып кету үшін министрліктен көмек сұрап отырғанын айтады. Қазір мұң болған мәселені шешу бағытында Қытаймен келіссөз жүріп жатқан көрінеді.  Тамабек Әбілхайыр Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

Ауыл тұрғындары аумағы ат шаптырым жерді жалға алып, есектерін қараусыз жіберген кәсіпкерге ешқандай шектеу қоя алмай отырған әкімдікке өкпелі. Олар шаруашылыққа жүк көліктерімен әлі де есектер алып келіп жатқанын айтып оыр. Ал бұл салаға жауапты әкімдік өкілдері жасыл дәлізге рұқсат алудан басқа амал жоқ деп отыр.

Сурет: Видеодан кадр

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады