jasqazaq.kz

Жамбыл облысының әкімі неге сөз естіді?

30 қантар 2023, 16:14

27 қаңтарда Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен Қордай ауданы активінің жиыны өтті. Облыс әкімдігінің сайтында жазылғандай, бірінші басшы бұл жиында Бетқайнар, Қақпатас, Қаракемер, Қарасу, Ноғайбай, Сортөбе, Үлкен Сұлутөр ауылдық округтерінде бірде-бір инвестициялық жоба жүзеге аспағанын сынады.

Оған қоса, әр саладағы кемшіліктер бойынша аудан әкімінің орынбасарларынан, бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінен жауап алып, «бұрышқа тұрғызды». Кейбір басшылар өздеріне тиесілі сұрақтарға нақты жауап бере алмаған көрінеді. Өңір басшысын жерге қарататын да осындайлар ғой.
Ертеңіне Н.Нұржігітовтің өзі Үкімет отырысында сөз естіді. Жылдық жоспарды орындауда Ұлытау, Атырау облыстарымен бірге Жамбыл облысы да аутсайдер атанды.
Премьер-Министр Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен болғанын атап көрсетті.

«Әкімдік бірқатар маңызды жобаны, соның ішінде кальцийленген сода өндірісі мен минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты іске асыруды кешіктіріп отыр. Өңір басшылығы жаңа инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді