Жамбыл облысындағы фермерлердің шығыны өтеледі

11 тамыз 2023, 19:13

 

Жамбыл облысында жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жергілікті егіншілермен кездесті. Сондай-ақ Сеңкібай су арнасы құрылысының барысын тексеріп, вегетациялық кезеңде суды пайдалану тиімділігін арттыру шараларымен танысты. 

Өңірлік ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу барысында субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералды тыңайтқыштар сатып алу, егістік сумен қамтамасыз ету, құрғақшылық салдарынан болған егін шығынын өтеу туралы мәселе көтерілді.

Ә.Смайылов қазіргі уақытта өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау және Үкімет резервінен қаражат бөлу есебінен фермерлердің шығындарын өтеу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

«Жоспар бойынша қыркүйек айының соңына дейін барлығы есептеліп, тиісті қаражат бөлінеді. Сондай-ақ республикалық бюджеттен субсидияларға қаржы бөлу және оларды кешіктірмей төлеу мәселесін жылдамдатып жатырмыз. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының бақылауында», — деді Премьер-Министр.

Тағы бір мәселе «Жас өркен» гидробекетін қалпына келтіруге қатысты болды, ол суды әділетті бөліп, есепке алуға мүмкіндік береді. Премьер-Министр ол үшін Үкімет резервінен 450 млн теңге қаражат бөлу туралы тиісті министрлікке және әкімдікке тапсырма берілгенін хабарлады.

«Бұл жұмысты биыл бастау керек», — деді ол.

Тағы бір сұраққа жауап бере отырып, Әлихан Смайылов қазіргі уақытта ұңғымаларды қазуға кеткен шығындарды өтеу үлесін 50-ден 80 пайызға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

Өңірде суармалы жер көлемі — 181,8 мың гектар. 2025 жылға қарай инфрақұрылым нысандарын жөндеу және 14 жаңа су қоймасын салу есебінен тағы 54,9 мың гектарды айналымға енгізу жоспарланып отыр.

 

Суды тиімді пайдалану мақсатында қазірдің өзінде 54,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 57 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жер асты суларын тиімді пайдалану, ұңғымаларды бұрғылау және басқа да су үнемдеу шараларын жүзеге асыру басты назарда екенін айтты.

Диқандарды ылғал үнемдейтін технологияларды қолдануға ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ол заманауи суару жүйелерін сатып алуға жұмсалған шығындардың 50 пайызын өтеуді, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуді көздейді. Бірнеше жыл ішінде 385 шаруа қожалығы 5 млрд теңгеге көлемінде қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар жалпы көлемі 53,9 мың гектар аумақта маңызы бар суару каналдарын, дренаждық жүйелерді және басқа да құрылыстарды қайта жаңғырту және салу бойынша жобаларды пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ұзындығы 21,8 шақырым болатын Сеңкібай каналы 4 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді.

Үкімет басшысына «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Президент қолдауымен әзірленген жоба 2019 жылы Жамбыл облысында іске қосылып, өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді.  2019-2023 жылдар аралығында облыс бойынша оны жүзеге асыруға 42,3 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 50 ауылдық округтен 11 мыңға жуық адам өз кәсібін ашқан.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады