jasqazaq.kz

Жамбыл облысында жылына 36 млн дана кірпіш шығаратын жаңа зауыс іске қосылды

14 шiлде 2025, 18:41

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінде заманауи кірпіш зауыты іске қосылды.

Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 36 млн дана күйдірілген кірпіш шығара алады.

Өндіріс ошағында 3 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 15 адамға дейін көбейеді.

Зауыттың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Барлық жұмыс автоматты түрде атқарылады.

Алдымен топырақ, су және көмір арнайы станокта араластырылады. Кейін қоспа тығыздалып, кірпіштің пішініне келтіріледі. Бұдан соң кірпіштер пешке салынып, 400 градус ыстықта кептіріледі. Кейін 800 градус температурада күйдіріледі. Суыған кірпіштерді арнайы роботтар жинап, реттейді.

Дайын өнімдер еліміздің барлық өңіріне жеткізіліп, жақын шетелдерге де экспортталады.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың негізгі капиталына 245,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,5 пайызға артық.

Биыл 115 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде.

Былтыр жалпы құны 214 млрд теңге болатын 35 инвестициялық жоба іске қосылып, 1 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Еске сала кетейік, 2025-2028 жылдар аралығында облыста жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді