jasqazaq.kz

Жамбыл облысында өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып кеуде тұсына оқ атқан

10 шiлде 2025, 15:51

Жамбыл облысы Байзақ ауылында екі жігіт дефибрилляторды дені сау адамға қолданса, не болатынына қызығып, соңында адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі жігіт жедел жәрдемде жұмыс істейтін жергілікті фельдшерге жүгінуді ұйғарды. Салдарынан медицина қызметкері зардап шекті.

Фельдшер жүрек ырғағы қалыпты адамға дефибрилляторды қолдану қауіпті және жүректің тоқтап қалуына әкелетінін түсіндірді. Бірақ маманның сөзіне ерлердің бірі сенбеген. Олар маманның сөзіне дәлел ретінде «эксперимент» жасауды талап етті. Әңгіме тез арада жанжалға ұласты. Даудың кезінде ер адам травматикалық тапаншасын алып, фельдшердің кеуде тұсына оқ атқан, содан кейін қашып кеткен.

Сол жақ қабырға астынан жарақат алған фельдшер Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Атқан ер адамға іздеу жарияланды, полиция іздестіріп жатыр.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді