jasqazaq.kz

Жамбыл облысында әкім халқына жақын болмай тұр

08 қараша 2016, 23:10

snimok

Жамбыл облысында жолындағысын түгел жайпап өткен жойқын дауылдан қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары сылбыр жүргізіліп жатыр деген жұрт бүгін шу шығарды. Әкімге өкпелі елдің жарықсыз отырғанына бір апта болды. Айтуларынша, Қайнар және Мичурин аудандарын ақжағалылар ұмыт қалдырған. Салдарынан қара суықта қалтырап отыр.

Құлаған қарағайлар Қайнар және Мичурин саяжайларын жарықпен жарылқайтын негізгі желі. Жел болған күні тоғызы түбінен морт сынған. Арнайы бригада келгенмен апта бойы тындырған тірлігі шамалы. Жұрт жүйкесін жұқартқан жағдай жұмыстағы жүйесіздік. Мұндай өгіз аяңмен жұлынған желіні жыл бойы жалғайды дейді.

КЕМЕЛБЕК ҚҰЛТАЕВ, Қайнар ауданының тұрғыны:

— Құлаған столбының саны тоғыз. Бір көшенің бойында. Сол тоғыз столбыны ертеңді қосқанда тоғыз күн болады. Бұл ұят емес па? Халық светке қарап отыр. Бұл тіпті тәртіпсіздік қой. Әкімдік қайда қарап отыр.

Жарықсыз қалу көптің құтын қашырған. Әсіресе электр қуатынсыз үйін жылыта алмай бір, су шығара алмай екі, әбден әуре сарсаңға түскен. Жөн сұраған жұртқа жауаптылар жібі түзу сөз айтпады деп ашынады. Тірлігі қарын аштырады дейді. Мәселен мына құлаған қарағайдың орнына жаңасын әкелген мамандар, тақыр жерге емес шалшық судың ортасына қадай салыпты. Онысы сол мезетте қайта құлап, абыройы болғанда көшеде адам болмапты.

ЗАҒИРА ТӘЖИБЕКОВА, Мичурин саяжайының тұрғыны:

— Құра салысымен құлады. Ана жерде кішкентай балаларды басып қала жаздады. Құлай салысымен шашылып қалды онысы. Сонда пластилиновый столбы ма салып жатқандары? Білмеймін не істеп жатқандары.

Бұқараның базынасын билік басындағылар бүгіннен қалмай шешіледі деп сендіреді. Қазір тек 190 абонент жарықсыз отырғанын айтады. Оларды күні ертең қосуға өздері де ниетті. Айта кетейік, бүгін желден келген шығын көлемі кешегі санақтан төрт есеге бірақ өсті. Қираған нысандардың саны 1754-тен асып жығылады. Соған сай алдыңғы мәлеметтегідей 384 миллион емес 470 миллион теңге келемінде шығын келген. Қираған әскери нысандарды қорғаныс министрі қалпына келтіретін болса, білім министрі 129 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер – министрі:

— Қазір облыс басшылары мемлекеттің материалдық қорынан үш мың куб ағаш, 1500 шаршы әйнек және 2000 мыңнан астам шатыр жабындыларын сұрап отыр. Айта кетейік төтенше жағдай әлі Тараздан бөлек Шу, Мойынқұм және Байзақ аудандарында сақталуда.

31.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді