jasqazaq.kz

Жамбыл облысында екі оқушының өлімінен кейін алты лауазымды қызметкерге қатаң сөгіс берілді

17 қыркүйек 2025, 10:40

Жамбыл облысында екі оқушының өлімінен кейін жауапты тұлғалар жаппай жазаланып жатыр. Білім ошағындағы қанды қылмыстан кейін облыс әкімінің орынбасарынан бастап, алты лауазымды қызметкерге қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Қазір облыс әкімдігі жанынан зерделеу тобы құрылып, орта мектептердегі тәртіп мәселесін май-шаммен қарауға көшкен. Олар оқушылар арасында жасырын сауалнама жүргізіп, тәртіп пен қауіпсіздік жағын тексермек ниетте. Әкімдік қызметкерлері өңірдегі 500-ге жуық орта мектепте әлімжеттікке қатысты сауалнама басталғанын айтады. Ал қайғылы оқиғаларға қатысты тәртіптік жаза тағайындау әлі де жалғасуы мүмкін. Өйткені оқыс оқиға болған мектептердің басшыларына қатысты қызмет тексерісі басталды.

Жамбыл облысындағы мектептерде оқу жылы басталғалы үш оқушы ажал құшты. 1 қыркүйек күні 14 жастағы жасөспірімді колледж студенті пышақтап өлтірген.

Шу ауданындағы Көкқайнар ауылы мен Тараз қаласындағы мектепте оқушы өлімі тіркелді. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың бірге оқитын қатарластары тергеліп жатыр.

Лесбек Илебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысы: — Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемовке, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбековке және Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібековке, білім басқармасының басшысы Нұрбек Әбибекұлы Оршыбековке және Тараз қаласы мен Шу ауданындағы осы салаға жауап беретін әкім орынбасарларына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат