Жамбыл облысында «Ақбұлақ» бағдарламасы ақсап тұр

18 қазан 2016, 22:08

su

Жамбыл облысында ауыл жұрты «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге аспай жатқанына наразы.   Айтуларынша, 5 мыңнан аса халқы бар елді мекенге бюджеттен жарты млрд теңге бөлініп, былтыр су тартылуы тиіс болған. Алайда жылға жуық уақыт өтсе де, ел-жұрт таза суға жаритын емес. Бұған жемқорлық себеп деп күдіктенген бұқара енді құзыретті орындардың тексеру жүргізуін сұрап отыр.

Ауыз су бетқайнарлықтардың бас ауруына айналған. Баспа құдықтан шығатын лай суды ішу мүмкін емес. Тұтынғандар шетінен ауырып жатыр.

Зура Бегаева, Бетқайнар ауылының тұрғыны:

-Су керек бізге, басқа ештеме керек емес. Бәріміз ауырып жатырмыз, шешем ауырып жатыр кәрі кісі. 

Негізі үш жыл бұрын жергілікті билік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 5 мыңға жуық халқы бар елді мекенге таза су тартуды қолға алған. Сөйтіп қызылордалық компания жобаны жүзеге асыруға кірісіпті.

-Бетқайнар ауылына су тарту ісі 2013 жылы басталған. Жобаның сметалық құны 521 млн. теңге. Бұл қаражат 2013, 2014, 2015 жылдарға, яғни қаражат үш кезеңге бөлініп, толық игерілді деп көрсетілген. Алайда биыл 2016-шы жылдың соңына таясақ та, ауылда әлі күнге ауыз су жоқ.

Қазір ауылға таза су кірмек түгілі, қараусыз жатқан су мұнарасы тоналып, шетінен қирап жатыр. Енді тұрғындар тек осы жерден аққан лай суды тұтынуға мәжбүр. Ал үкіметтің бақылуындағы жобаның аяқсыз қалуын жергілкті жұрт түсінбей дал.

Шолпан Сапарбайқызы, Бетқайнар ауылының тұрғыны:

-Бүгінгі таңға ойлаймыз біз. Храпунов, Рысқалиев сияқты ақшаны ішіп жеп, Қазақстанның ақшасын тонап, кетті ғой олар. Соны бұлар да үйренді. Қазіргі мердігерлер басында ойластырып келетін түрі бар бұларды ше. Ақша көп, ішіп -жеп, бәрін талқандап.

Ал атқамінерлер жобаның мерзімінен кешігуін әу баста геологиялық зерттеудің дұрыс жүргізілмеуімен түсіндіреді. Яғни мердігер жер асты суының көтерілетінін ескермей, құбыр тартатын аймақты көлкіген су басқан. Сөйтіп жердің құрғауын күтіп уақыттан ұтылыпты. Ал, геологиялық зерттеу жасаған компания басшысы қайтыс болғандықтан жауапқа тартатын ешкім болмаған. Енді нысанды әкімдік қарауына алып, жыл соңында су береміз деп сендіреді.

Дамир Жаманбаев, Қордай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Баланстан балансқа, ЖКХ-ға откіземіз. Ары қарай халықпен үйдің ішіне дейін су кіргізу, тарту ол жұмыстарды «Қордай сумен» келісім-шартқа тұрады. Қаражатты сол кісілерге төлейді. Сол кісілер қабылдайды.

Сөйтіп, суға қол жеткізу ақыры айналып келіп тұрғындардың өздеріне жүктеліпті.Яғни, тұтынушының 80 пайызы үйме-үй ауыз су тарту үшін ақша төлеулері керек дейді шешеуніктер.

ktk.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде