jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 500-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды

21 қазан 2025, 10:14

Жамбыл облысында 500-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында республикалық «Заңсыз келуші – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 510 дерегі анықталды. 477 азамат жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 385-і ТМД елдерінің азаматтары, ал 92-сі алыс шетелден келген. Сонымен қатар шетел азаматтарының елде болу мерзімін бұзуына жағдай жасаған 125 қазақстандық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 33 қазақстандық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 125 шетел азаматы елден шығарылды. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қылмыстық істер де тіркелді. Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша екі және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген үш шетел азаматы ұсталды. Полиция шетелдік жұмысшыларды инвестициялық жоба ретінде көрсетіп, заңды айналып өткен компанияларды да тексеріп жатыр.

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді