jasqazaq.kz

Жамбыл облысында 12 оқушы астан ұшынған

13 қараша 2025, 10:49

Жамбыл облысында мектеп маңындағы дүкеннен тамақ алып жеген оқушылар жаппай уланып қалған. Байзақ ауданындағы Мырзатай елді мекенінде 12 бала астан ұшынып сабақтан қалған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Тез дайындалатын тамақ жеп уланғандар — 5-сынып оқушылары. Дәрігерлер басы айналып, құса бастаған балалардың жағдайын бақылап, кейіннен үйіне қайтарған. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Ал мектеп маңында мерзімі өткен тамақ саудасына қатысты тексеріс басталды. Санитар мамандар тағамдардан сынама алынып зертханаға жіберілгенін айтады. Жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ерлан Сейдаханов, Байзақ ауданы білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы: — Бүгінде балалар үйінде. Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман. Үш күннен кейін сабаққа шығады.

Сурет: Видеодан кадр
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді