jasqazaq.kz

«Жалпы анестезия — ыңғайлы опция емес»: министр ата-аналарды сақтандырды

08 желтоқсан 2025, 16:46

Астанадағы жеке меншік стоматологиялық клиникадағы үш жасар Зеренің өліміне қатысты сот жүріп жатыр. Бүгін анестезиологтан жауап алынды. Ол өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді. Қалай болғанда да, тиісті шешімді сот шығарады.

Ал бұл қайғылы жағдай жалпы жұртты ойлантып тастады.
Ақпарат құралдарында мамандардың пікірі саңырауқұлақша қаптады. Денсаулық сақтау министрлігі Ақмарал Әлназарова да өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.

Министр: «Соңғы уақытта, әсіресе жекеменшік стоматологиялық клиникаларда балаларға жалпы наркозбен бірнеше тісті бір мезетте емдеуге қатысты арыздар жиілеп жатыр. Денсаулық сақтау министрі ретінде біздің ұстанымымызды егжей-тегжейлі түсіндіру маңызды деп санаймын.
Балаларды жалпы анестезиямен емдеу – қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жүргізілуі тиіс күрделі медициналық емшара.
Клиника жекеменшік болсын немесе мемлекеттік болсын, мұндай манипуляциялар үшін білікті анестезиологтың қатысуы, тиісті жабдықтардың болуы, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандарттарын сақтау талап етіледі», — дейді.

Қазір Бас прокуратураның талабы бойынша, ел бойынша стоматологиялық ұйымдарға – барлығы 622 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатқан көрінеді.

Бүгінгі жағдай бойынша

290 тексеру тіркеліп, 135 аяқталған. 103 – жұмыс барысында, 52 – тіркеуден алынған (клиникалар іс жүзінде жұмыс істемейді), 26 – тіркеу сатысында.
Өңірлердің прокуратурасы жіберген 316 нысанның ішінде:

34 клиника МӘМС/ТМККК шеңберінде қызмет көрсетеді, 282 – тек ақылы негізде жұмыс істейді.

Ақмарал Әлназарова: «Айта кеткім келеді:

Жалпы анестезия – бұл «ыңғайлы опция» емес, ерекше сақтықты талап ететін күрделі араласу.
Ұзақ наркоз және ауқымды бір мезгілде емдеу баланың жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесі тарапынан асқыну қаупін арттыруы мүмкін.
Өкінішке қарай, жекелеген клиникалар ата-аналарға коммерциялық тұрғыдан қолайлы нұсқаны ұсынады – «барлық тісті бір ретте емдеп береміз». Алайда мұндай тәсіл тек нақты медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, тексерумен расталған кезде ғана орынды.
Ата-аналарды ерекше мұқият болуға шақырамын.

Осындай процедураларға келісім бермес бұрын, тәуекелдер, көрсеткіштер және жүргізу шарттары туралы толық әрі ашық ақпаратпен танысу қажет.
Баланың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұруы тиіс – және денсаулық сақтау министрлігі осы қағидатты қатаң түрде ұстанатын болады», — деп жазды.
Әрине, қалыптасқан жағдайда мұндай ескертудің маңызы зор. Бірақ мұны неге бұрыннан қаперге алмадық екен?

JQ-Aqparat

Фото: dk-dent.ru

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді